«Еліміздегі жетім балалар үйлерін жабу керек» деген ұсынысты қолдайсыз ба?

Таяуда ғана тәрбиеленушілерінің азаюуына байланысты Павлодар қаласындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат жабылды. Мұндағы білім басқармасы мамандарының айтуынша, жетімдер үйінің 40 тәрбиеленушісі осы санаттағы балаларға арналған басқа ұйымдарға орналастырылады. Бұдан соң Атырау облысында тәрбиеленетін балалар санының азайғандығынан тағы бір жетім балалар үйі жабылды. Жалпы, мұндай үрдісті бұқараның тұрмыстық жағдайының түзеле бастағандығымен байланыстыратын мамандардың біразы «еліміздегі жетімдер үйлерін жабу керек» деген пікірлер айтып қалуда. Ал 40 мыңға (37 777 жетім бала) тарта ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларымыздың бар екенін ескерсек, бұл мүмкін бе? Біз бұл сауалды мамандардың талқысына салдық.


Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Мен бұл пікірмен толық келісемін. Жетім балалар үйін бір­тіндеп жабу қажет. Біздің ата-ана қамқорлығынсыз жетім қалған ба­ла­лар туралы саясатымыздың өзі – бірте-бірте жетім балалар үй­ін жауып, ол балалардың әрқай­сысында асыраушы ата-анасы бо­луына жағдай жасау. Аңғарғанға, жетім балалар үйінсіз ел болуға талпынудың астарында үлкен мән жатыр. Қазірде жас қыздарымыз тұрмысқа шықпастан баланы дү­ниеге әкеліп, жауапкершілікті се­зін­гісі келмегендері оны жетім­дер үйінің алдына тастап кетсе, бірі қоқысқа лақтырып кетуде. Осы­лайша өз бала­сынан өзі безгендердің қатары көбейіп кет­песін десек, бізге мұндай бастама керек.
Себебі перзентінен безінген ата-ана оны тәрбиелейтін жетім балалар үйінің барын білгендіктен барып осындай қа­дам­дарды жасайды. «Күні ертең бала далада қалмайды. Асырайтын, қам­қор­лығына алатын мемлекеттік мекеме бар ғой» деп осындай жетімдер үйінің барынан ойланбастан баласынан безініп жататындар баршылық. Сондықтан мұн­дай жандарға ой салу үшін жетімдер үйін азайтып, ондағы балаларды отбасы қамқорлығына беру жұмысын жеделдету керек. Таяуда Атырау облысында бір мем­лекеттік жетімдер үйі жабылды. Балаларды асырап алуға елде қолайлы жағдай жаса­лып отырғандықтан, жетімдер үйін­де­гі тәрбиеленушілердің саны азаюда. Мы­салы, жетім балалар үйінде бір баланы асы­рап бағу үшін мемлекеттен бір жыл ішінде 1 милллионға жуық қаржы бөлінеді. Бұл – әр балаға бөлінетін сома. Сонда ойлаңызшы, бір жетімдер үйін ұстап тұру үшін қазынадан қанша қаржы бөлінуі керек? Ал енді қазынадан бөлінген қаржының жартысын жетімді асырап алушы отбасына бөліп, балаларды асырап алуға қолайлы жағдай туғызса, уақыт өте келе жетімдер үйінде тәрбиеленушілердің саны да өзінен-өзі азая түседі. Қанша жерден мемлекет қолайлы орта туғызса да, ата-ананың орнын баса алмайды. Же­тім балаларға керегі – ата-ананың мейірімін сезіну. Нақ осыған қатысты же­ке өз басым Мәжілісте «Жетімдер үйіне мемлекет қазынасынан бөлініп жатқан қаржының кем дегенде жартысын асырап аламын деген отбасының бюджетіне беру керек. Сонда оларды тәрбиелеймін деген ел азаматтарының саны да артады» деген мәселені көтергенмін. Баланы асырап алған отбасына осындай мемлекеттік қолдау берілсе, жетімдерді асырап алушылар көбейеді. Бұдан барып қалыптасатын жағ­дай ата-ана қамқорлығын, мейірімін аңсаған балаларымыз соған қол жеткізеді. Жетім балалар үйінің құзыретін өзгерту, ондағы тәрбие жұмыстарына ұлттық бағыт-бағдар беру, жетім балаларға білім беру жүйесін заманға сай өзгеріске түсіру – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан өз басым жетімдер үйінде тәрбиеленуші әрбір бала ұлтқа қызмет етсін десек, ол отбасында тәрбиеленуі керек. Ол үшін елдегі жетім балалар үйін азайтып, жабу үрдісін қолға алу қажет. Елде балаларды асырап аламын деушілерге жағдай жасалғаны жөн деп есептеймін.


Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы:
жоқ
– Жоқ, мен мұны аса қолдай қоймаймын. Себебі бұл мәсе­леде шешілмеген жайттар әлі де көп. Жетім балаларды асырап алу мәсе­лесіне қатысты елде шешілмеген түйткіл көп. Сон­дықтан бізге жетімдер үйін жаппай жабу дұрыс емес. Рас, қайсыбір аймақ­тарда жетімдер үйінде тәрбиелену­шілердің саны азайып жатыр. Енді бір аймақ­тарда, керісінше, өсім берген деректер де бар. Жалпы, мем­лекеттік жетімдер үйінің өзіндік мәртебесі бар болғандықтан, ондай мекемелер бізге қажет. Сондықтан зерттеп, зерделеп алмай, өзінен-өзі «бар дүниені жаба салу» деген әңгіме көтеріл­меуі керек.
Алдымен бұл мәселе зерттелуі тиіс. Жетімдер үйін жабатын болсақ, асырау­шысыз қаншама баланы қайда апар­мақпыз?! Мәселені шешу үшін алдымен ол балаларды асырап аламын деушілерге жағдай жасалуы керек. Сосын сол асырап алуға берілген балалардың қауіпсіздігіне, олардың толыққанды білім алуына әбден көз жеткізу керек. Мемлекеттік органдар тарапынан балалардың тағдырына алаң­даушылық үнемі білдіріліп отырғаны жөн. «Баланы асырап аламын» деген азаматтың ол баланы толыққанды қам­тамасыз етуге жағдайы жете ме? Ол бала отбасына бар­ғаннан кейін өзін емін-еркін, жайлы сезіне ала ма? Осы жағы біз үшін өзекті болғаны абзал. Күні ертең баланы асырап алып, оған озбырлық көрсетіп, өктемдік танытып жатса, асырап алушыдан не қайыр?! Енде­ше, мәселенің осы жағын алып қарасақ та, бізге елде жетімдер үйін мүлдем жауып тастаудың қажеті жоқ. Заман тала­бына сай жабдықталған, балаға барлық жағдай жасалған жетімдер үйінің мем­лекетте болуы заңды. Мемлекеттік дең­гейде жауап­кершілік пен қадағалау болғаннан кейін ол балалардың да қа­­уіп­­­­сіздігіне кепіл болатын жайттар көбейеді. Бірден еш зерттеусіз «бала саны азайып жатыр екен» деп жетімдер үйін жаба салу мүмкін емес. Сондықтан бұл әлі зерттеледі, талданады. Өз басым мұндай жабу керек деген пікірді қолдамаймын.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Светлана ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, Сенат депутаты:
– Жалпы, жетім балалар үйін азайту деген ой дұрыс. Бірақ оларды жабу үшін әрбір қазақстандық жетім балаларды асырап алуға, қамқорлығына алуға талпынуы тиіс. Қазір елде жетімдерді қамқорлыққа алуға талпынған отбасылардың да саны көбейген. Мысалы, бір ғана Ақмола облысы бойынша айтар болсам, бұл облыс аумағында жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны біршама азайған. Бұған қоса елде жекеменшік жетім балалар үйлері де ашылып, олар да 50-60-100-ден астам баланы өз қамқорлықтарына алуда. Осындай жайттарды ескерсек, біртіндеп жетім балалар үйін азайту жағын қарастыру керек. Жалпы, жетімін жылатпаған елміз ғой. Біздің қазақ «Жерде бір жетім жыласа, көкте мың періште күңіренеді» дейді. Сондықтан бізге қалай десек те, жетімді жебеуде қоғамның мейірімі жетіспей жататыны жасырын емес. Ендеше, әрбір бала өз елінде өгейсімесін десек, қазақ азаматтары оларды қамқорлығына алуға талпынғаны абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста