Елімізде кітап индустриясын дамыту үшін шетелдік баспа өнімдеріне шектеу қою мүмкін бе?

Елімізде кітап индустриясын дамыту үшін шетелдік баспа өнімдеріне шектеу қою мүмкін бе?

«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп Елбасымыз талап қойғаны анық. Алайда дәл осындай талап қазақ кітабына қойылмай тұрғаны, яғни «қазақ ең бірінші кезекте қазақша кітап оқысын» деген пиғыл еш жерде аңғарылмайды. Кітап дүкендері толы – шетелдің кітаптары, тіпті бөлшек саудада да шетелдік газет-журналдар көздің жауын алардай болып самсап тұр. Дәл мына тұрысында қазақ кітабының айы оңынан туады дегенге сену қиын. Ендеше, қазақ кітап индустриясын дамыту үшін, бәлкім, шетел баспа өнімдеріне шектеу қою керек пе? Жалпы, олай ету бізді тығырықтан шығара ма?


Айдос Қартаңбайұлы, саясаттанушы:
иә
– Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңей­тіп, отандық баспа өнімдерін көбейту үшін белгілі бір деңгейде бізге ше­телдік баспа өнімдеріне шектеу қоюы­мыз керек. Жал­пы, мұндай рефор­ма әлемдік тәжі­ри­беде бар. Көптеген дамы­ған елдер бас­тап­қы кезде өз тілде­рін, өз елдік мүд­де­лерін өзге елдердің ықпа­лынан қорғау үшін мұндай іс-әрекеттерге барған. Айталық, Франция бір кездері Испания мен испан тілінің ық­палынан арылу үшін өз елдеріне келетін испан баспа өнім­де­ріне шектеу қойып, тыйым салған.
Қазіргі Қазақстанның нарығында ең көп таралған – ресейлік баспа өнімдері. Олар, әрине, сапасы жағынан өте жоға­ры, ол өнімдердің әдемі, тар­тым­ды­лы­ғы­ның жанында біздің кітаптар екінші орын­ға ысырылып қалатынын жоққа шығара алмаймыз.  
Тағы бір айтарлық мәселе, бұл жерде идеологиялық факторларды да есепке алу қажет. Яғни шетелден келетін өнімдердің мазмұнына жіті мән бермей болмайды. Яғни біздің өскелең ұрпақ пен жастар­ға, жалпы оқырманға идеологиялық жа­ғы­нан қор­ға­ныс керек секілді. Егер біз осындай шара­ларды қолға алмасақ, онсыз да интернетпен санасы уланған жастардың кітап арқылы да санасы улануы әбден мүм­кін. Демек, «балам кітап оқып отыр» деп қуана бермей, оның не кітап оқып отырғанына, яғни мазмұнына мән беру керек ата-анасы. Және баласының қазақ болып өскенін қаласа, қазақша оқы­туға тырыс­сын, сондай кітаптарды іздес­тір­сін, сұрасын. Тағы бір қауіп – түрлі діни әде­биет­­терде. Елімізде оларды сататын орын­­дар белгіленді, алайда атауы діни болмай-ақ, астыртын әлдебір идеяларды, тіпті атеизм­ді үндейтін баспа өнімдерінен абай­­лауы­мыз керек. Осындай көптеген себеп­­терді ескере келе, елімізге келетін шетел­дік баспа өнімдеріне шектеу қою керек. Және шектеу қою мүмкін, жоғарыда айт­қа­ны­мыз­дай, заңнамалық жолмен. Әйтпесе  біз байқамай, талай қауіп-қатерді санамызға сіңіріп алуымыз бек мүмкін.
Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыз 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуі керек деген талап қойды. Ал бұл жерде ең бірінші қазақ тілін дамы­татын не, ол – сөзсіз, қазақ тіліндегі газет-журнал, кітап т.с.с баспа өнімдері. Осы тұрғыда отандық нарықта қазақтілді әдебиеттерді көбейту үшін Ресейден және басқа да шетелдерден келетін әдебиеттерге белгілі бір дәрежеде тосқауыл қоюымыз керек. Мұны жүзеге асырудың ең негізгі жолы – заңнамалық жол, яғни Қазақстанда баспа өнімдері туралы заң қабылдап, соның аясында шетелден келетін баспа өнім­дерін шектейтін нормалар қабылдау қажет.


Темірғали Көпбаев, «Қазығұрт» баспасының директоры:
жоқ
– Жалпы, дүниежүзінде дәл қазір кітап сау­дасы үлкен бизнес көзіне айнал­ған. Бұл – шын мәніндегі нарық­тық қаты­нас­­тар­дың талабы. Соған сай біздің көп­теген бас­па мен баспа­ха­на­мыз да заман­ға сай ­да­мып, шетелмен тығыз қарым-қатынас ор­на­тып, түрлі жолдар тауып, шетелге шығып ал­ған. Олар­дың бизнесі де шетелден кітап әкеліп сатумен тікелей байланысты. Әсіре­се Қытай мен Түркия осы ретте біздің ең бірінші кітаппен қамтамасыз етушімізге айналған. Сон­дық­тан дәл бүгін біздің елімізге шетелден кітап тасы­мал­дап әкелуге шектеу қою мүм­кін емес. Өйт­кені ол тойтарыс бере­тін­дей емес, ағынға айнал­ған. Және қо­ғам дамы­ған сайын шекара сыр­тынан ке­ле­тін кітап­тар да көбеймесе, азай­май­ды. 
Негізі, кінә шетелдік кітапта да, басқада емес, ең бірінші себеп – өзіміздің, яғни қазақ­тар­­дың, баяғыдай кітап оқымай кеткен­ді­гі­міз­де. Қазақ кітабының саудасы жоқ, шыны керек. Ол деген сөз – қазақ кітап оқуды қойды деген сөз. Санаулы ғана оқырман үшін кітап шығару қай баспа үшін болсын, тиімсіз соғып тұр. Тауар ретінде қазақ кітабы ешқандай табыс әкелмейді, тіпті өзін-өзі ақтамайды, себебі оның тұтынушысы аз болып тұр. Мәселенің бәрі айналып келгенде, біздің тілімізге, ділімізге кеп тіреледі. Елімізде тұратын орыстар мен өзге ұлт өкілдері орысша кітап оқитыны өз алдына, қазақтардың өз ішінде жарты­сынан көбі орысша кітап оқиды. Олай болса, қазақ кітабы көркеймейді деп басқа кімге кінә артамыз?..
Осының бәрін көре тұра, заман ахуалын біле тұра, шетелдік кітаптарды Қазақстанға кіргізбеу деген мүмкін емес және дұрыс талап та емес. Өйткені, ол – кәдімгідей табыс, пайда әкеліп тұрған сала. Осы кітап саудасын жақсы жолға қойып, бизнесін өркендетіп отырған азаматтарымыз бар. Заң шығару арқылы тыйып тастаймыз деген де – ақымақтық, себебі олай етсек, қаншама азамат­тары­мыз­дың өре түрегелетіні анық. Біз тек қазақ кітабын оқылымды ету арқылы ғана бәсекеге төтеп бере аламыз. Қазақ кітап саудасын жандандырмайынша, бәрі бекер. Ал қазақ кітап саудасының бір кездері бізде тасы өрге домалап тұрған еді. Оны күйретіп кеткен – күні кешегі жеке­шелендіру. Кітап іздеп, шөлдеп жүрген оқыр­ман бар, бірақ мәселе соларға кітап­ты жеткізетіндей кітап саудасы дұрыс жолға қойылмаған. Осы кітап саудасын дұрыс жолға қою керек. Мемлекеттік кітап дүкен­дерін жандандырып, мемлекеттік тапсы­рыспен шығатын кітаптарды сол жерлерде сату керек. Сол жерден оқырман өз керегін табатынына сенімдімін.
Кітап саудасы деген өз алдына бөлек қарастыруды талап ететін үлкен мәселе болып тұр. Әйтпесе бізде заманауи техни­камен жабдықталған кітап баспасы саласы қазірдің өзінде жақсы дамыған. Кітаптың безендірілуі, сапасы шетелдік баспа өнімдерімен қатар қойғанда ұял­май­тындай дәрежеде. Қаншама энцик­лопе­диялар мен сөздіктерді аударып, оларды қазақтың шұрайлы тілімен көр­кем­деп беріп жатыр баспаларымыз. Әліп­пені әлі оқи алмайтын бүлдіршіндерге суретпен безендірілген кітаптардан бастап, мектеп оқушыларының түрлі пәндерден қосымша пайдалануына арналған түрлі оқулықтар, энциклопедия, кітаптарды табу қиын емес. Бірақ өкініштісі, солардың саудасы жанданбай, іздеген оқырман таба алмай, ал керісінше, кітап иесіне жете алмай, бөлшек саудаларда, әр жерде жүр. Сондықтан мен айтар едім, басты мәселе ше­тел өнімдерінің қаптап кеткендігінде емес, яғни қазақ кітабының өтуіне тежеу са­лып отырған олар емес, мәселе – біздің қазақ кітабын жандандыра алмай жатқа­нымызда.

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Ғарифолла Әнес, Арыс баспасының директоры:
– Отандық кітап индустриясының қалыптаспай жатуының басты себебі – біздегі кітап таралымының тым аздығында. Қазіргі таңда бізде кітап индустриясы деген атауға тек мектеп оқулықтары ғана лайық. Солар ғана 15-20 мың таралыммен шығады себебі. Ал қалған әдебиеттер – 500, 1000, ең көп дегеннің өзі 2000 данадан аспайды. Миллиондап шығатын Ресей, жалпы шетелдік баспа өнімдерінің қасында бұл санды тираж деп айту – күлкілі. Олар сонысымен өз елдерінен артылып, бізге келеді. Кітап неғұрлым көп шыққан сайын бағасы да арзандайды. Ендеше біздің басшыларымыз, осы қазақ кітабын жандан­ды­руға көңіл бөліп, қазақ кітабының таралымын көбейтуді қолға алса, ал әр қазақ өз тілінде білім алып, өз тілінде кітап оқуды басқа мүдделердің бәрінен үстем қойса, шетелдік кітаптардың мәселесі өздігінен шешіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста