Дәрігерлердің баланы бесікке бөлеу зиян деген тұжырымымен келісесіз бе?

Дәрігерлердің баланы бесікке бөлеу зиян деген тұжырымымен келісесіз бе?

Ғасырлар бойы қазақ отбасының ажырамас бір бөлігі болып келген қасиетті бесікті пайдаланушылар қатары күн санап азайып барады. Себебі бүгінгі күннің дәрігерлері жас  аналарға бесік балаға зиян деп үгіт-насихат жүргізіп отыр. Тіпті медициналық оқу орындары да дәрігер мамандарды осылай оқытып жатқан көрінеді. Дәрігерлер «сәбиді бесікке бөлеуге болмайды, ол қазіргі медицина талабына сай емес, бала денсаулығына зиян келтіреді, тіпті қауіпті» деген тұжырым жасап отыр. Олардың пайымдауынша, қазақ халқы оны атам заманда көшіп-қонуға ыңғайлы болу үшін ғана жасаған.  Бесікке бөлеген баланың денесі демалмайды, қан айналымы дұрыс болмайды және қол-аяғы құрысуы мүмкін. 2009 жылдан бері еліміздің дәрігерлері жас аналарға осындай кеңес беріп келеді. Алайда бала үшін маңызды екенін дәлелдеп, дәрігерлердің бұл тұжырымымен келіспейтіндер баршылық.


Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:
иә
– Қазақтардың бесікті ойлап табуының ең негізгі себебі бұрынғы көшпелі әлеуметтік тұрмыстағы жайлылыққа тікелей байланысты. Олай дейтініміз – бір жерден екінші жерге қоныс аударып, көшіп-қо­нып жүрген ата-бабаларымыз үшін сәбиін бесікке бөлеп, өзімен бірге алып жүру өте ыңғайлы болған. Қазақтар бесікке бөлеулі баланың асты әрдайым құрғақ, яғни таза болады, сонымен қатар ат үстінде бесікті қолға ұстау ыңғайлы болған деседі. Демек, бұл қажеттілік бұрынғы дәуірге тиесілі. Қазір мұндай мұқтаждық жоқ. Есесіне неше түрлі жаялық, орама заттар бар. 
Медицинаға жүгінсек, бесіктің бала денсаулығына, шынымен-ақ, тигізер кері әсері көп. Мысалы, бесікке бөленген бала­ның денесі қатты буылып, оралып таста­ла­ды. Бұл нәзік, енді ғана жетіліп келе жатқан нәрес­тенің дене бітіміне қатты әсер етеді. Әсі­ресе бұлшық еттердің дамуына кедергі бо­лып, баланың шымыр болуына жол бер­мей­ді. Сол үшін дәрігерлер сәбиді еркін түрде өсіруге кеңес береді. Аяқ-қолы матал­маған, еркін тыныс алып, жайдары күйде жетілген баланың денсаулығымен қоса тән саулығы да шымыр әрі мықты болады. Бесіктің тағы бір кемшін тұсы – қанайналым жүйесіне жағымсыз әсері. Қан тамырлары қысылып қалған баланың ағзасындағы қанайналым жүйесі бұзы­лып, түрлі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Сон­дықтан бесікке ежелгі мүмкіншілік­тер­дің болмауынан пайда болған тұр­мыстық бұ­йым деп қараған жөн сияқты. Қазір бұрынғыдай жаугершілік немесе көш­пелі салт орнаған заман емес. ХХІ ға­сыр­да жаңа туған сәбилерге арналып өн­ді­ріліп жатқан керекті заттардың барлығы да – ғылыми түрде зерттеліп, соның не­гізін­де шығарылатын тауарлар. Сондық­тан оларды тұтынудан қорқудың қажеті жоқ.


Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» компаниясының директоры, ҚР мәдениет қайраткері, танымал топтамашы этнограф:
жоқ
– Дәрігерлердің баланы бесік­ке бөлеу зиян деген тұжырым­ы­мен келісе алмаймын. Себебі қазақтың қасиетті бесігінің еш зия­ны жоқ. Ата-бабамыз баласының бар­лығын сол бесікке бөлеп өсір­ген, оның үстіне бұрынғы алтын құр­сақты аналардың ондап сәби сүй­гендері бар емес пе?! Зиян бол­са сол кезден-ақ білінер еді. Ең ал­ды­мен бесіктің арқасында сақтала­тын тазалықты баса айта кету керек. Ұл балаларға қатысты арнайы шү­мек­тер жасалған. Қазіргі памперс атау­лы төсемелердің сәби денсау­лығы үшін зияндығы жиі-жиі айты­лып жүр, дегенмен сұраныс әлі күн­ге азаяр емес.
Өз анамыз да: «Баланы бесікке бөлеңдер, таза болады, тазалық бар жерде сәбидің денсаулығы да мықты болады», – деп ақылын айтып отыра­тын. Содан зардап шеккен баланы көрген емеспін. Баланы дүние есігін ашқан сәт­те бесікке салып, бесіктойын той­лаған қазақтың дәстүрін біз бүгінде жоққа шығарып, қарсы пікір айта алмаймыз, айтуға тиіс те емеспіз. Баланы бесікке бөлеудің өзінің ерекше тәртібі, салты бар. Алдымен бесікті аластап, бас жағына айна, тарақ немесе пышақ қойып нәрестені жаман түстерден қорғаштаған әжелеріміздің бесік төңірегіндегі ырым-тыйымдары да ерекше. Ауылдың жасы үлкен ана­ларын шақырып, солардың қолымен баланы бесікке бөлеген қазақтың бесігі балаға зиянды болуы мүмкін емес. Шашу шашып, тәттілерді бала-шаға, көрші-қолаңға таратып беріп, жақсы ырымдар айтқан ата-бабалар өсиеті қазіргі таңда, өкінішке қарай, сирек айтылып, бала да бесікке аз бөленетін сияқты. Бесікті ашық ұстамаған аналар әрдайым оған шымылдық жауып, бесігін бесік жырымен тер­беткен. «Бесікті бос тербетпе» деген де сөз бар. Жалпы айта берсек, бесік жайлы жақсы ырым да, ниет те көп. Оның жабдық­тары, бауы, жастығы тағы да басқа бұйым­дары жетерлік. Енді келіп мұны бір ғана тұжырымның аясына топтас­тырып, бірден «зиян» деп айта салуға болмайды. Себебі бесік сонау ерте заманнан келе жат­қан қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр ретінде қалдырған мұрасы іспетті сақталуға лайықты. Қазір бесікті қолданатындар тым аз және бұл көңілге қаяу салады. Мына за­ман­да өндіріліп жатқан тербеткіштер­дің сол бесіктен артық, сол бесіктен пайдалы екендігі ша­малы. Алайда қолдан келер не шара?! Өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған салт-дәстүрді ұмыт қал­дырмай, ғасыр­дан-ғасырға жалғай берсе екен деген тілек айтудан басқа амал жоқ сияқты. Қазақтың әр үйінде бір-бірден бесігі болуы керек. Әкесі жат­қан бесікке баласы жат­қан­дарды да көргенбіз, ғажап емес пе?!
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Еділ ДАДАМБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор, академик, балалар дәрігері:
– Бесік бала денсаулығына зиян деген тұжырымды қате деп санаймын. Қазіргі ата-ана жаңа туылған сәбиіне «памперс» кигізуді әдет қылған. Бұл – жай ғана әдет емес, жаман әдет. Бала денсаулығына на­ғыз зиянды жалғыз  нәрсе болса, ол – бесік емес, тап осы памперс. Бесік­ке бөленген балаға шүмек тағып, тазалықты сақтаған әжелеріміз қаншама дені сау, мінезі қайратты батырларды тәрбиеледі. Ал қазір күні-түні жая­лық жуудан қашатын аналар «памперспен» бірге бала денсаулығына қан­ша­ма дертті жапсырып беріп жатыр. Менің айтарым мынау: сол «памперс­ті» бала­сына таққандар оны өздері бір күні екі-үш сағат тағып, ішіне су құйып ұйық­тап көрсін, бәлкім, сонда ғана баланың жайын түсінер. Егер бесік емес, өзге әткеншектерге жатқызып сәбиімді ұйықтатамын десе – өз ерік­тері, бірақ бесікке бөлеймін дегендерге бөгет болудың қажеті жоқ! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста