Банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушы құқын беру туралы ұсыныс негізді ме?

Банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушы құқын беру туралы ұсыныс негізді ме?

Нақ қазір біз үшін банк клиенттерінің тұтынушылық құқықтарын тарату маңызды болып отыр. Себебі елде  банк пен халық арасындағы сенімсіздік артып, қарапайым халықтың банкке барып шаруасын  бітіруі қиындай түскен. Елдегі тұтынушылардың құқын қорғайтын бірлестіктер «тұтынушылар банктен несиені рәсімдеп алып, бұдан соң, айнып қалған жағдайда несиені қайтарып беруге құқығы болу керек. Мысалы, тауарды дүкеннен алған адам айнып қалса, тауарды дүкенге қайтара алады. Ал банк несиесін олай қайтара алмайсың. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін банк клиенттеріне де қарапайым тауар тұтынушысының құқын беру керек» дейді. Міне, Алаш айнасы  бұл сауалды тарқатып, мамандардың талқысына салып көрді. Негізінен, банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушысының құқын беру тиімді ме? Осы арқылы біз несие саясатына қандайда бір өзгеріс енгізе аламыз ба?


Иә
Марал Төртенова,
экономист-сарапшы:
– Әрине, мен бұл жерде банктердің де өзіндік шығындары, заңдылықтары бар екенін бес саусақтай біліп отырмын. Осыны білгендіктен барып «банк клиенттеріне де қарапайым тауар тұтынушысының құқын беру тиімді ме?» деген сауалға былай жауап бергім келеді: біріншіден, банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушының құқын беру тиімді. Бұл үрдісті тәжірибеге енгізу арқылы біз екінші деңгейлі банктерден несие алу кезінде құқы бұзылып жүрген мыңдаған тұтынушының құқын қорғап қалған болар едік. Екіншіден, бұл жүйе клиент пен банк арасындағы келісімшарттарға өзіндік өзгертулер мен түзетулер енгізеді. Егер біздегі банктер несиені клиенттерге «қарапайым ғана тауар» деп беретін болса, онда олар өз келі-сімшарттарын барынша нақты, халыққа түсінікті етіп жазуға мәжбүр болады.  Себебі қазірде екінші деңгейлі банктердің басым бөлігінде несие келісімшарты туралы ақпарат анық, түсінікті тілмен жазылмайды немесе түсіндірілмейді. Бұдан келісімшартты клиент дұрыс түсінбегендіктен, оның ақпараты айқын, анық болмағандықтан, банк пен клиент арасында көп-теген келіспеушіліктер орын алып жатады. Үшіншіден, бұл үрдіс аясында банктің беретін несиесін біз «өнім» деп алатын болсақ, бұл жерде шығарылған өнімнің сапасына да барынша мән берілетін еді. Мысалы, қазірде екінші деңгейлі банктер теледидар арқылы, баспасөз беттері арқы-лы несие өнімінің жарнамасын асырып-ақ жатыр. Тіпті олардың қайсыбірі «14-18 пайызбен несие береміз» деп халықты алдап, өздеріне шақырып алады. Осындай жарнамалар көзін қызықтырған соң, клиент банкке несие рәсімдеуге барады. Ал несие келісімшартына қол қойылып, әбден іс тамам-далған уақытта клиент өзінің алданғанын біледі. Бұдан соң, банктің заңы бойынша ол несиеден бас тартуға мүлде болмайды. Міне, егер біз банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушысының құқын беретін болсақ, осылай сан соғып алданып қалғандардың, жалған жарнаманың құрбаны болғандардың құқығын қорғар едік. Сондай-ақ біз осы жүйе арқылы халықтың банкке деген сенімін күшейтер едік. Меніңше, бұл — банк пен халықты етене жақын етудің бір тәсілі. Егер біз банк клиенттердің құқын аяқасты етпейтінін, қандай да бір банк клиент үшін барын сала жұмыс істейтінін, тіпті ол ұнатпаған күннің өзінде несиені банкке қайта қайтарып бере алатынын халыққа дұрыс сауатты насихаттай алсақ, ондай банктерге халық емін-еркін барып араласып жұмыс істеуге пейіл танытатын еді. Бұл үрдіс әсіресе елде шағын және орта кәсіппен айналысқысы келетіндерге үлкен көмек болар еді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларға, отандық өнім өндірушілерге, шаруасын енді бастаған кәсіпорындарға осындай жеңілдіктер жасалса, жөн болар еді. Міне, бұл сауал төңірегінде менің өзіндік пікірім осы. Өз басым мұны қолдаймын. «Банктің алдында клиенттер тең құқылы болуы керек» деп есептеймін. Сондықтан бұл жүйе бізге қажет.


Жоқ
Бейсенбек Зиябеков,
экономика ғылымының докторы, профессор:
- Жоқ мен мұндай пікірмен келіспеймін. Бір ғана мұндай ұсынысты қолданысқа енгізу арқылы біз елдегі несие саясатын жөнге келтіре алмаймыз. Бізге нақ қазір «Несие саясаты туралы» сауатты заң керек. Сол заң аясында барлық ашықтық толық жазылуы тиіс. Екінші деңгейлі банктер сол заңға бағынуы қажет. Банк дегеніміз – қаржы саласы болғандықтан, мұнымен ойнауға болмайды. Қаржыны, яғни ақшаны біз қарапайым тауармен ешуақытта салыстыра алмаймыз. Қарапайым тұтынушының дүкеннен тауар алуға, өзіне қажетті зат сатып алуға, ол та-уар ұнамаса, әрине, оны қайтарып беруге құқы бар. Ал енді осы жүйені апарып банк секторына енгізетін болсақ, бұл қаржы саласын құрдымға кетіретін құбылыс. Егер банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушысының құқын беретін болсақ, бұл жерде банктердің шығатын шығыны мен кіретін кірісін ескермеген боламыз. Мәселен, біздегі екінші деңгейлі банктердің басым бөлігі ірі мөлшерде несие беру және оның қай-тарымын бақылап, қадағалау арқылы өздерінің активтерін көбейтіп отыр. Ал мұндайда «қандай да бір клиентке ұнамай қалады екен» деп, банк рәсімдеп қойған несиесін қайта қайтарып алса, ондай істің не мақсат-мұраты қалады?! Бұл жерде қаржы несиеге алынып тұрғандықтан, қаржыны қарапайым тауармен салыстыруға болмайды. Қаржы секторы ұнаса алып, ұнамаса қайтарып бере салатын ойын алаңы емес. Банк ақшамен жұмыс істейтін болғандықтан, ақша — қай кезде де өтімді тауар. Сондықтан банк клиенттеріне қарапайым тауар тұтынушысының құқын беру теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да іске аспайтын дүние. Себебі қандай да бір банк өз қаржысын тауар есебінде салыстырып, халыққа қаржыны тауар тәрізді оңды-солды үлестіріп беруді қаламайды. Сондықтан мұны қолдаудың қажеті жоқ. Егер де қаржыны клиентке тауар ретінде беру үрдісін қолға алсақ, онда банк жүйесіне қатысты сату және сатып алу туралы заң қабылдау қажеттілігі туындайды. Ал қаржыгер ретінде айтарым, осы уақытқа дейін бірде-бір ел банктің қаржы өнімін «тауар немесе зат» деп танып көрген емес. Кез келген ел қаржы саласына аса сақтықпен қарап, банктен алынған қарыздың уақтылы қайтарылуын бақылап, қадағалап, сарапқа салып отырады. Осыған байланысты айтарым, банк пен клиент арасында заңды тұрғыда келісімшарт болуы керек. Банк клиентін қарапайым тауар сатып алатын тұтынушымен мүлде салыстыруға болмайды. Сондықтан мен аталған жүйені қолдамаймын.

Бейтарап пікір
Жаңабай Әбсалықов, техник-ғалым:
- Біз кезінде «елдегі банк саласы экономикамызды дамыту мақсатында жұмыс істеп жатқан жоқ» дегенді ашып айттық. Біздің елдегі банк жүйесі әу бастан бәсекеге қабілетті болуды білмеді. Банктер тек сырттан арзан қарыз алып, оны халыққа қымбат несиемен таратып беруді ғана көздеді. Мұндай үрдістің даму мен өркендеуге жетелемейтіні сол кездің өзінде белгілі болған. Бұл мәселе сол кездері ескерілуі керек еді. Алайда бұл ұсыныстарымыз ескерілмеді. Жасыратыны жоқ, бізде нақты айтылатын ұсыныстар легі баршылық. Бірақ сол ұтымды ойларды дер кезінде қақшып алып, бірден тәжірибеге енгізуге келгенде енжарлық басым. Банктер өз клиенттерін қарапайым тұтынушы етіп тануы үшін проблемалы несиелер пакеті өте аз болуы керек еді. Бірақ біз проблемалы несиелер жөнінде әлемдік тізімде бірінші орынға шықтық. Сондықтан ендігі кезекте банктер қалайда клиенттері арқылы өз пайдаларын шешуді ойлап, пайда табу жолында одан әрі тереңдей түседі. Ендеше бұл ұсыныс орынды болғанымен, бірақ орындала қояр ма екен демеске амал жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста