Авторлық құқықты қорғауды мемлекет өз құзырына алмайынша, саладағы келеңсіздіктерді жою мүмкін бе?

Авторлық құқықты қорғауды мемлекет өз құзырына алмайынша, саладағы келеңсіздіктерді жою мүмкін бе?

Жалпы, мына дүниеде иесіз зат жоқ, ненің болсын авторы бар. Алайда автор деген біз үшін осы күнге дейін елеусіздеу біреу болып келгені жасырын емес. Енді қазір кенеттен сол үнсіздік шуға ұласты. Тіпті авторларға талас та пайда болды. Себебі олардың құқығын қорғаушылар көбейді. Қазақта «Қойшы көп болса, қой арам өледі» деген мақал бар, осы ретте де біздің қоғам сол мақалда айтылғанның кебін кимей ме деген көкейде сауал туады. Мүмкін, соның барлығын тек мемлекет өз қолына алса қалай болар екен?


Мақсат ЖАҚАУОВ, заңгер:
иә
– Иә, мүмкін. Қалай дерсіз? Жалпы, біз, ең алдымен, өзіміздің құқықтық мемлекет екендігімізді ұмытпауымыз керек. Құқықтық мемлекетте жеке аза­маттың еңбек етуіне және содан табыс табуына толық мүмкіндік берілуі қажет. Көбіне бізде авторлық құқық мәсе­лесінде проблемалар шоу-бизнес са­ласында көбірек дау туғызады, яғни рухани авторлық құқықтар төңірегінде мәселелер көп. Бұған себеп бізде «міне, мына ғылыми дүниені мен ойлап таптым» дейтін мате­риал­дық игіліктер өте аз. Ал рухани игі­лік­тердің айна­ла­сында әуен ұрлау, әннің сөзін бұр­малау немесе бір автордікін өзге­ртіп, ием­деніп алу сияқты мәселелерден аяқ алып жүргісіз. Осы күнге дейін бізде авторлық құ­қықпен бір ғана ұйым жұмыс жасап келді, егер олар өз жұмысын дұрыс атқарса, мұн­дай дау туындамас та ма еді? 
Ендеше, неге өзгелердің, яғни сол шоу-бизнестің айналасында жүрген, сол са­ланы жақсы білетін азаматтардың өзде­рі­нің де осы мәселемен айналысуына мүм­кіндік бер­меске? Тек мынадай жағдайлар болса ғана мемлекет құзырына беру керек: бі­­рін­шіден, халық әндері, олар негізінде ха­лық­тық құн­дылық болып есептеледі, сон­дық­тан мем­лекет оның орындалуы, қолды бол­мауы, өзгеріске ұшырамауы се­кіл­ді жай­ларды қатаң қадағалауы тиіс. Мұның әлем­дік тәжірибелері бар, айталық, бір ғана лез­­гинканың өзінің түрлері өте көп, ше­шендік, абхаздық, дағыстандық де­ген се­кіл­ді, соған сай бір елде әлгі лез­гинка би­лен­се, соның түріне қарай тиесілі ел­дерге са­лық төленуге тиіс. Бізде де халық әні, ха­лық биі секілді дүние көп, олай бол­са со­ларды мемлекет қадағаласын жә­не орын­далған сайын олардың белгілі бір мөл­шері салық ретінде мемлекетке түсіп тұру­ға тиіс.
Шыны керек, қазір бізде шоу-бизнесте талант дегенді бір құндылық, ақша дегенді бір құндылық деп қарайды, ал үшінші бір құ­қық деген құндылыққа мән берілмейді. Не­гізінен, шыны керек, әнді жазарда, оны ав­­тордан аларда ол жекелеген азаматтардың мә­селесі ретінде шешіледі, яғни ақшамен бәрін шешіп алады да, құқықтық шиеленіс шық­қан кезде барып оны шешу мемлекеттің ісі болып шыға келеді. Осы дұрыс па? Неге осы жағын бірінші болып қолға алып, қан­дай да бір іске кіріспес бұрын келісімшарт жасасып алмасқа?! Онда автордың аты-жөні тіркеліп, оның да құқықтары еске­рі­ліп, күні ертең сол өнім таралған жағ­дайдағы табысты бөлісу көрсетілер еді. Мәселе бізде осыны ешкім­нің ес­кер­мейтіндігінде болып тұр ғой. Әнші тек ән айтумен айналысатын тұлға емес, ол – біріншіден, ҚР аза­маты, соған сай то­лық­­қан­ды құ­қықтарға ие және әкімшілік жа­­уапкершілікке тартылатын адам. Осы тұс­та авторлық құқыққа келген кезде құ­қық­тық сана деген мә­селе қолға алы­нуға тиіс. Бұрын шығарма­шы­­лық туын­дыларды қоғамдық кеңестер қа­дағалайтын. Қазіргі таңда тең құ­қық болуы шарт, яғни мемлекет сол қоғамдық кеңестің жұмысын ат­қарушы болуы ғана керек те, ал қоғамдық кеңестің мүшелері то­лыққанды сол шығармашылық сала­ның өкілдері болуы тиіс. Ол жерде мықты ақыннан бастап, сазгер де, орын­дау­шы да, сондай-ақ продюсер де бол­ғаны жөн. Сол азаматтардың барлығы автор­лық құқыққа жауапты, олар сол мәселені сот­қа жеткізбей шешуі керек. Менің айтпа­ғым, ав­тор­лық мәселесін сотқа жеткізбей, өздері ше­ше­тін, тіпті ол проблеманың тууына жол бер­мей­­тін құқықтық сана, сондай-ақ тұл­­ғалар болуы керек. Бұл жерде мәселе бар­­лығын бір орталыққа бағындыруда емес, әркім өз құқын білуінде, заңға ба­ғы­нуында, бірін-бірі сый­лауын­да. Тіпті бірнеше ұйым болғанның өзінде де мәселе шешілмеуі мүм­кін, сондай-ақ бір ғана ұйым болғанда да шие­­леніскен жағ­дай ше­шілмеуі мүмкін, егер әр­кімнің өз санасына, ұятына және құқық пен тәртіпке бағынбаса.


Марал ЫСҚАҚБАЙ, Қазақстан авторлар қауымдастығының төрағасы:
жоқ
– Елімізде дәл қазіргі кезде авторлық құқыққа қатысты түрлі даудың туып жатқандығы – осы саламен айналысқысы келетін ұйымдардың көбейіп кетуінен. Ал оған жол беріп отырған – «Авторлық құ­қық туралы» Заңға енгізілген жаңа бап, яғни 46-1 деген бап. Онда Әділет ми­нис­трлігіне тіркеліп, лицензия алса бол­ғаны, авторлық құқықпен айналысуға болатын ұйым құ­руға рұқсат береді. Енді өзіңіз ойлап қара­ңыз, біз түгілі халық саны бізді неше рет орап алатын әлем елдерінде авторлық құқықпен ай­налы­сатын бір ғана ұйым бар. Мысалы, Ресей халқының саны 160 мил­лион, олар­да авторлық құқық­ты қор­ғаумен айна­лы­сатын жалғыз қоғам бар, сол жет­кілікті. Ал бізде одан он есе аз, 16 миллион халқымыз бар, бір­­неше қоғам­дар тіркеліп отыр.
Күлкілі емес пе? Біз түгілі, Италия, Ис­па­ния, Англия, Францияда да бі­реу­­ден. Англияның 85 мың авторы бар екен, қоғам жалғыз. Ешқандай шу да, мәселе де жоқ, тып-тыныш, проб­лема жоқ. Бізде қоғам көп, бір­ақ шешіліп жат­қан проблема жоқ, қайта проб­ле­маны туғызып отыр­ған авторлардың өздері емес, сол тіркеліп алып, дұрыс жұ­мыс жүргізе алмай, автор­лар­ды бөлісе алмай жатқан әлгіндей ұйым­дар. Қазір саз­гер, ақын, яғни автор­ларды айт­пағанда, мейрамхана, кафе, одан қалса аудио-визуал­ды өнім­дерді тарату­мен айналыса­тын радио, телеар­на­лардың өзі кімге сенерін, кімнің соңынан ерерін білмей қалды. Себебі «біз авторлық құқықты қор­ғай­­тын ұйым­нанбыз» деп бүгін бір ұйым келіп тексеріп кет­се, ертең келесі бірі ба­рып, «мі­не, біздің де серти­фи­­ка­тымыз, біз де онымен ай­на­лысамыз, бізге өтіңіз» дей­ді. Сол тұста біз егер ондай құқықты кез келген адамға беріп қойсақ, хаос пайда болатындығын айтып шырылдаған едік, ешкім де құлақ асқан жоқ. Мем­лекеттік құзырлы органдардың барлы­ғы­на шама-шарқым келгенше хат жа­зып, бір жылдан астам уақыт осы заң ая­сын­да жүгі­ріп жүріп, Парламентте көте­рілуіне қол жеткізгеніміз сол еді, Пар­ламент оны қарап, «бір ғана орта­лық­тың жұ­мыс істеуіне рұқсат бері­летінін, ал қал­ғанда­рына тыйым сала­тын» заң қа­был­дап еді, артынша тарады да кетті. Өздері талқы­лап, мақұлдаған заңды Сенатқа табыстап кетті, бірақ соның дұрыстығын қорғамаса болмайды ғой, ал қорғайын десе, тарап кетті. Со­дан ол заң Сенатта қабылданбай қалды. Енді жаңадан келген Парламентке біз тағы да сонша уақыт жү­гіріп, соншалық күш-жігер жұмсауымыз ке­рек.
Негізі, авторлық құқық деген – біз қазір қарап отырғандай жеңіл мәселе емес. Алайда біз оған жеңіл қарап отырмыз, оған соншалық мән бермей жатырмыз. Сондықтан оның салдары біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі, тіпті халықаралық дауға апарып соғуы әбден мүмкін. Себебі заңсыз әрекеттер, әлгіндей тіркеліп алып, авторлардың рұқсатынсыз өздеріне тіркеп алу, авторлардың ақысын айлап түгіл, жылдап төлемей жатқан қоғамдар көп. Тексеріс жүргізілгенде барып әр автордың соңынан жүгіріп, ақшасын үйіне апарып беріп жатқан да жағдайлар бар. Біз солар­мен соттасып, біршамасын жеңіп те жатыр­мыз. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды сол, авторлық құқықты қорғауды мемлекет өз құзырына алмайынша, әлгіндей келең­сіздіктер жойылмайды, қайта ушыға түседі. Ал ушыққан жағдайдың абырой әпермесі анық.

Бейтарап пікір
Жеңіс Сейдоллаұлы, сазгер, «Гүлдер» ансамблінің директоры:
– Негізі, авторлық құқық бір орталықтан, мемлекет тарапынан қадағалануға тиіс. Себебі орталықтар көбейсе, авторлар өзара бөлініп, бір-бірімен айтысып-тартысып, бірін-бірі тіпті жек көріп кетуі де ғажап емес. Алайда мемлекеттің авторлық құқықтан басқа да жұмыстары көп қой. Дегенмен бұл мәселені бір органға жүктеуі шарт. Екінші бір жағы бар, авторлық құқық деген біржақты емес, оның сан қыры бар ғой. Мысалы, ғылыми жағы бар, шығармашылық дегендей. Соған сай, оларды да түрлі министрліктердің қадағалауына берсе. Әлгіндей ғылыми жаңалықтардың ав­торлық құқығын Білім және ғылым министрлігіне, ал ән, поэзия, драматургия сияқ­­ты шығармашылық жағын Мәдениет және ақпарат министрлігіне беру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста