Атастыру дәстүрін қайта жаңғырту арқылы сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың санын азайта аламыз ба?

Атастыру дәстүрін қайта жаңғырту арқылы сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың санын азайта аламыз ба?

Кенен Әзірбаевтың «Көк шолағында» қыз сипатын айта келе, «келгенше 25-ке кетпей жүрген, о-оу» дейтін жері бар. Яғни «он үште – отау иесі» атанатын заманда 25-ке келгенше тұрмыс құрмау деген мәселенің мәселесі ақылға сыймайтын іс болғанын осы әннен-ақ байқауға болады. Ал қазір 25 – «айналайын», «35 пен 45-тер» де жүр өйткені. Бұл күлетін жағдай емес, керісінше, кәдімгідей ойланатын, тіпті шұғыл түрде қолға алуды қажет ететін әлеуметтік дерт деуге болады. Олай болса, осы ретте, сүр бойдақтар мен отырып қалған қыздардың санын азайту үшін атастыру салтын жолға қойсақ қайтеді, бәлкім, бір шешімін осылай табуға болатын шығар? Талқылап көрелік.


Айдос ҚАРТАҢБАЙҰЛЫ, саясаттанушы:
иә
– Атас­­тыру салтын жаңғырту арқылы қазіргі кез­де түрлі себептермен отбасын құрмай, жүріп қалған қыз-жігіттердің санын біршама азайту әбден мүмкін. Бірақ бая­ғыдай қатаң феодалдық тәрбиемен емес, екі жастың келісім, разы­лы­ғы­мен. Себебі қазіргі қыздар мен жігіттер айтсаң, көне салатын, ауылдан алысқа ұзап көр­ме­ген­дер емес. Керісінше, отба­сын құрмай жүріп қалған­дардың дені – жоғары білім алып, сол сала­ның әбден сақа маманы болу үшін барын сала кірісіп, тіпті сол жолда өз жеке басын ұмы­тып кеткендер. Сон­дықтан оларды «айттым-біттіге» көндіру арқылы атас­тыру мүмкін емес. Бірақ ақылмен ғана қол­ға алсақ, мұның жөнін табуға болады. Себебі мен өзім көзбен көріп жүрмін, айналамда-ақ талай жақсы-жақсы жігіттер мен қыздар жүр, білім десе – білім, қызмет десең, қызметі бар, көрікті де ақылды.
Бірақ жастары 30-дың ар жақ бер жағында болса да, әлі отбасын құрмаған.    Соларға жақсы жерден шыққан жар табуға көмектесу керек. Ал атастыру, яғни ағайын арасынан, дос-жаран, туыс арасынан оның өзіне сәйкес адам қарастырғанда тұрған ештеңе жоқ. Қайта қазіргі кезде нақ осы нәрсе біртіндеп азайып бара жат­қандай көрінеді маған. Қазір екі жасқа дәне­кер болар жеңгетайлар аз-дағы, кері­сінше, екі жасты айырушылар көп, қит етсе «ажыраса сал, басқасы табылады, толып жатыр» дегенді тіпті екі жақтың ата-анасы да айтады. Ал енді атас­тыру дегенге келсек, мұның тәрбиелік мәні өте зор. Біріншіден, екі жақ құда­лар­дың бірін-бірі тануы, текті жердің қызын алып, текті жерге қыз беруі деген өте кере­мет нәрсе. Себебі екі жақтың пайым-пара­сатының арқасында қосылған екі жастың сыйластығына осы факторлар өте жақсы әсер етеді. Бірақ осы ретте баяғының атастыру салтының заңын 100 пайыз ұста­нудың да қажеті жоқ. Неге? Біріншіден, біздің салт-дәстүріміздің сақ­талу реті де қазіргі кезде әр облыста әртүрлі сипатта. Қарапайым мысал, бір аймақта қалың мал бар, екінші аймақта жоқ деген секілді. Сондықтан бұл жерде әр аймақтың өз ерекшелігін ең бірінші кезекте ескеру керек. Неғұрлым дәстүрді заманауи үлгіге бейімдеу керек. Заманауи деп отырғаным, екі жақ құданың бір-біріне шектен тыс мате­риал­дық салық артпау, яғни «менің қызым осын­дай, сондықтан оған осынша қалың­мал бер немесе бізге мынадай киіт кигіз» деу­ді доғарған жөн. Себебі көп рет­те жастардың арасына сына қағатын осын­дай мәселелер. Тіпті үйленуге сөз бай­ла­сып, бірін-бірі сүйіп тұрған екі жастың дәл осы шешуші тұсқа келгенде ата-ананың аузын кереқарыс ашуынан келісе алмай, екі жаққа кеткендерін де білемін. Ал өзі әрең шаңы­рақ құрайын деп тұрған екі жастың ара­сына неғұрлым кедергі болмау керек. Себебі олар онсыз да таңдап, талғап жүрген жаста емес пе?! Бұл жағын да ескеру керек. Қыс­­қа­сын айтқанда, егер біз осы мәселені ше­бер­лікпен қолға ала білсек, біздің елі­міз­дегі бойдақ қыз-жігіттердің саны едәуір азайып, демографиямыз жақсарар еді, ұлттық генофондымыз нығаяр еді. Бүгін­де кез келген елдің өз ұлттық қауіп­сіз­дігін сақ­тауы үшін төл ұлттың саны 15 миллионнан кем болмауы шарт. Біздің осы ретте ойла­на­тын, тіпті шапшаң шешім шығаратын жөні­міз бар. Отбасы дегенді әркім өз басы­на ғана қажет дүние деп емес, мемлекетті нығайту жолындағы басты құндылық деп танып, дер кезінде соған өз үлесін қосуға асығуы тиіс. Ал отбасын құрғандар болса, тек өз жағдай­ларын ғана ойламай, қасын­да әлі соған жете алмай жүрген жал­ғыз­бас­тылардың жағдайын да ойлай жүруі тиіс. Осы ретте атастыру бола ма, басқа ма, әйтеуір, отба­сы құндылығын арттыру жо­лында теле­бағдарламалар жасап, идео­логиялық тұр­ғыда іс жүргізу шарт.


Мақсат ЖАҚАУОВ, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, әлеуметтанушы:
жоқ
– Атастыру – біздің салт-дәстүріміздің ізгі бір түрі. Бірақ әр уақыттың өз талабы бола­тыны тағы бар. Біз осыны ұмытпауымыз – шарт. Ал қазіргідей ақпарат тасқыны болып жатқан заманда, атастыру заңы отбасын құру­дың оң жамбасына келеді деп айта алмас едім. Себебі заман талабы – сол, айнала толған ақ­па­раттардың сәт сайын құбылып отыруы өз кезегінде адамдардың мінез-құлқына әсер етпей қалмайды. Дәл қазір – адамдардың талғамы тез құбылатын уақыт. Әлеу­мет­та­ну­шылар мұны «көр­се­қы­зар­лық» деп атайды. Алысқа бармай-ақ, әлеу­меттік желімен-ақ алдына күніне қан­шама қыздың не жігіттің ақпараты келіп тұруы, ол адамның атастыру деген секілді салтқа көне қоюына қайшы жағ­дай туғызады. Туғызып та қойған, біз кеш қал­дық. Адамдар өзгеріп кеткен, қазір бая­ғыдай «үлкен айтты, бітті, мен көнуім тиіс» дейтін қыз не жігіт табу өте қиын.  
Қазір әркімнің өз талап, талғамы бар, өмірге деген өз мақсаты бар, өз жары мен отбасын да әркім өз қалауымен таңдағысы келеді. Әсіресе осы отбасын құрмай жүрің­кіреп қалған қыз-жігіттердің таңдауы ерекше. Ашығын айтуымыз керек, бүгінде баяғыдай адамын таппай, 30-ға не 40-қа келгенше, «етегіне намаз оқып жүрген» ешкім жоқ. Егер қыз не жігіт белгілі бір жас­қа келіп, отбасын құрмай жүрсе, оның өзіндік себептері бар. Ал атастыру уақы­тын­да адамдардың психологиясы мен менталитеті тіпті басқа еді. Перзент жасы қан­шада болса да, әке-шешесінің айтқа­нын екі етпей, өзінен тіпті бір жас үлкен адам­ның бетіне қарсы келмей, көңіліне қарай­тын. Ол отбасын құруда да өзін сол тәртіп шеңберінен шығармайтын. Тіпті «мы­наны аласың» десе, «жоқ» деп айтуды жігіт ата-анасының жүрегіне қанжар сұқ­қан­мен бірдей ауыр қылмыс санайтын. Сон­дықтан тіпті өзі өмірінде бір рет те көр­ме­ген қызға үйленіп және оның алдындағы жауап­кер­ші­лігін өле-өлгенше өз қалауынан артық қоя білетін. Ал қазір, керісінше, жастар әке-шешеге өз айтқанын істетпесе, олар­дың айтқанымен жүретіндерін табу қиын. Бұл – бір, екіншіден, қазіргі кезде отба­­сы­лар­дың көптеп ажырасып кетуіне әсер етіп жатқан себептердің бірден-бірі – заман талабына сай туындаған проб­ле­ма­ларға жауап бере алмаушылық. Адам­дардың бойына қазір жауапкершіліктен қашу деген жаман мінез дарып барады. Бұл да атас­тыру салтына сәйкес келмейтін бір фактор. Және тағы бір айтарлығы, атастыру деген – негізі, жас кезде жүретін нәрсе. Яғни не­ғұр­лым адам жас болған сайын атас­ты­ру­ға көнуі соғұрлым мүм­кінірек. Мектепті енді бітірген жас немесе оқып жүрген студент­терде, әскерден енді оралған кез деген секілді адамның әлі оң-солын таны­майтын шағында мүмкін нәрсе. Сол шақта адам бойсұнады. Ал ақыл тоқтатқан қыз бен жігіттің өмірге деген өз көзқарасы, өз тал­ғамы қалыптасып үлгер­ген­діктен, атас­тыру арқылы олардың мәсе­ле­сін шешуіміз мүм­кін деген абсурд секілді.
Жарайды, атастыру арқылы екеуді үйлен­дірдік делік, бірақ отбасы болған уақытта ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой, сондайда олардың біріне деген сезімі артып тұрмаған соң өзара түсінісуге тырыс­пайды, олар, керісінше, әу баста бір-бірі­мен табыстырған туыстық қатынастарды алға тартып шыға келеді. Былайша айт­қан­да, ерлі-зайыпты өзара шешетін мәселелер көптің, туыстың ортасына талқыға түсіп кете­ді де, тіпті соңы әулеттер арасындағы дауға апарып тіреуі де ғажап емес. Ал бұл олар­дың ажырасуына апаруы әбден мүмкін.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Жалпы, біздің елімізде бүгінде отбасы институтының толық қамтылмағандығы анық байқалып қалады. Мұ­ның бірден-бір салдарын осы сүр бойдақтар мен отыр­ған қыздардың жыл санап артып бара жат­қандығынан байқауға болады. Егер 30-дан асып, 40-қа жетіп қалғанша отбасын құрмағандар ілуде біреу ғана болмаса, бәлкім, оны мемлекеттік тұрғыда қарас­тыру әбестік деуге болар ма еді, алайда дәл қазіргідей олар­дың саны ушығып тұрған заманда оны мемлекет болып қолға алуы ауадай қажет секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста