«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет Семей қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне барды.
Қонақтар үшін балалар мерекелік концерт ұйымдастырып, таланттарын паш етті. Әскери қызметшілер өз кезегінде, тәрбиеленушілердің балалық шағы уайымсыз өтуіне және көңіл-күйлері жақсы болуы үшін бар күш-жігерлерін салып жүрген балалар үйінің ұжымына алғыс білдіріп, жеке құрамның атынан теледидар, ойыншықтар және әртүрлі тәттілерді тарту етті.
Ата-аналарының мейірімінсіз қалған балаларға қамқорлық көрсетудің маңыздылығын түсіне отырып, әскери қызметшілер ұдайы негізде әртүрлі қайырымдылық щараларын ұйымдастырып отыруға тырысады. Балалар үйі мен жалпы білім беру мекемелеріне шефтік көмек көрсетіп тұрады.
«Бізде төрт жасқа дейінгі 62 бала тәрбиеленеді. Олардың он төрті мүгедек балалар. Бізге әскерилер келгенде бүлдіршіндер қатты қуанады. Себебі, балалар жақсы адамдарды бізден жақсы сезінеді. Менің ойымша, дәл осы әскери қызметшілер патриотизм, данқ пен абыройдың жарқын үлгісі іспетті. Олардан үлгі алып, болашақ ұрпағымыз тәрбиеленеді. Өз кезегінде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілеріне біздерді ешқашан ұмытпайтындарына және біз кез келген уақытта олардан көмек және қолдау сұрай алатынымыз үшін алғыс айтқым келеді». – деп балалар үйінің директоры Ербол Ыбырайымов атап өтті.
С. Ақынжанов