Арнайы мамандығы жоқ азаматтарды құрылыс мекемелеріне жұмысқа қабылдауға шектеу қою керек пе?

Арнайы мамандығы жоқ азаматтарды құрылыс мекемелеріне жұмысқа қабылдауға шектеу қою керек пе?

Алты ай жаз мезгілінде ауылдан қалаға ағылған жұмыссыз жұрт құрылыс саласында отбасына қажетті нәпақасын айырады. Бірақ арнайы білімі жоқ адамдар құрылыс сапасын төмендетіп жібермей ме? Әлгіндей азаматтардың құрылыс мекемелерінде жұмыс істеуіне тыйым салу керек пе? Әлде мұндай шектеу екі қолға бір күрек таппай жүрген жұмыссыздардың қатарын арттырып жібере ме? Бүгінгі пікірталас – осы төңіректе.


Амангелді ЕРМЕГИЯЕВ, «Алматы-Құрылыс» холдингінің президенті:
иә
– Адамдардың нақты мамандығы бол­мағаннан кейін сапалы жұмыс ат­қа­рылуы қиын. Құрылыс саласына кәсіби түрде дайындық керек. Құрылыс – өте күрделі сала. Мамандықты игермеген адамдардың атқарған жұмысынан ба, әл­де басқадай себептердің салдарынан ба, әйтеуір, Қарағандыдағы «Бесоба» тұрғын үй кешенінің құлауы бекерден-бекер емес. Жауапкершіліксіз жасалған дүниеде береке болмайды. Алматы қаласы мен об­лысы сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймаққа саналады. Үйлер мен ғимараттар жер сілкінісіне төтеп бере алатындай дә­ре­жеде салынуы қажет. Қыбырлағанның бәрі құрылысшы болады деп ойлау қате. Мұ­н­дай жұмысқа кәдімгідей дайындық керек. 
Темір конструкциясымен айналысуға, бетон құюға, әшекейлеу шеберлігіне, есік-терезе қоюға, еден төсеуге, электр тоғын жүр­гізушілік жұмысқа – бәріне маман­дан­ған жөн. Оқимын деген адамға оқу орын­да­ры да жеткілікті. Қазіргі кезде қажетті кадр­лар­ды компаниялардың өздері оқы­­тып-тоқытып алатын болды. Бұл да болса, жетістік. Кезінде мықты кадрларды жо­ғал­тып алдық. Құрылыс азайған тұста білікті мамандар басқа салаға ауысып кетті. Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдары құ­ры­лыс­тағы инженер, істі шебер жүргізіп, ұйымдастыра білетін мамандардың біразынан айырылдық. Мамандарды жетіл­дірсек, құрылыс жұмыстары да ілгерілей бастайды. Жоғары оқу орын­дарының, кәсіптік лицейлер мен кол­лед­ждердің білікті маман даяр­лау­дағы деңгейі түсіп кетті. Білім ошақтары енді-енді бой түзеп келеді. Теория мен тәжі­ри­бе­ні ұштастыра алған жөн. Тео­рия бойынша оқып келген жас ма­манның өзі бірден істің тетігін таба алмайды. Өзіміз де бір­неше жыл тәжірибелі кісі­лер­дің қасында жүріп, көп нәр­сеге үйрендік. Соның ар­қасында жеке ұйымдастыру қабілетіміз пайда бо­лып, жұмыстың көзін табатын жағдайға жет­тік. Біліксіз құрылысшының еңбегі адам өміріне қауіп төңдіретінін ұмытпауымыз керек. Елбасы бір сөзінде «бүкіл табиғатты Құдай жаратса, барлық үй мен ғимаратты құ­рылысшылар салды» деді. Біз соған мақ­танамыз, бірақ жауапкершіліктің жүгі мол екенін де ұмытпағанымыз жөн.


Амалбек ТШАН, қоғам қайраткері:
жоқ
– Құрылыс саласында мамандықты талап етпейтін жұмыс көп. Құрылыс жұ­мыс­тарының қазіргі таңда ауылдан келген қа­ра­пайым халықтың нәпа­қа­сын айы­р­а­тын бірден-бір табыс көзі болып отырғаны жасырын емес. Егер жұмыс­шылардың бәрі сауатты болсын десек, алдын ала қам жасауымыз керек. Әйтпесе осыдан азы­ғын айырып жүрген орта жастағы адам­ның өзін табыссыз, бала-шағасын аш-жа­ла­ңаш қалдыруға бола ма? Кәсіптік учи­лищелерді дамытуымыз керек. Бұл осыдан 15 жыл бұрын қолға алынуы тиіс шаруа болатын. Жоғары оқу орнына түсе алмаған мамандығы жоқ адамдардың бәрі қазір екі қолға бір күрек табар еді. Бұл тарапта әлі күнге жүйелі жұмыс жүргізілмей отыр.
Тек құрылыста жүргендер өздігімен бірдеңе үйренеді. Біздегілердің көбі жұ­мыс барысында белгілі бір салаға ма­ман­данады. Жоғары оқу орын­да­рына түсу­шілер экономист, заңгер ма­ман­дық­тарын таңдайды, жастар­дың ішінде құрылысшы болайын деп жұлқынып тұрған бірі жоқ. Құры­лыс­қа бетоншы, дәне­кер­леу­ші, сылақ­шы да қажет. Сон­дық­тан бас­шылар мұқтаж ма­мандық ие­лерін қабі­лет­те­ріне орай ірік­теп, білімдерін өз­дері жетіл­діріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Құ­ры­лыс ком­па­ния­лары білікті мамандарды ұстауға өздері мүдделі болуы тиіс. Бұрын жалпы жұрт­ты ма­ман­дан­дыру саясаты жүргі­зі­ле­тін. Қазір де сон­дай шараның қолға алынуы қажет. Ауыл­да жұмыс жоқ. Оны мойындаған жөн. Жап-жас жігіттер сымға тізілген қар­лы­ғаштай бос отырады. Солардың бәрі қа­ла­ға ағылады. Ал қалада жұмыссыздарды кім күтіп тұр? Жастарды еңбекке баулу, кә­сі­би білім алу мәселесі әбден талқылануы ке­рек. Мамандықсыз құрылысшыларға шектеу қоямыз деп өз бауырларымызды жұмыссыз қалдырамыз.

Түйін
Ғабит ДӘУІТОВ, ҚазҰУ-дың әкімшілік-шаруашылық іс жөніндегі проректоры:
Заман өзгерген сайын талап та күшейіп жатыр. Бізге өз саласын кәсіби түрде жақсы меңгерген азаматтар қажет. Сапалы мамандардың жалақысы да жоғары болады. Мамандықсыз адам көп тер төгеді, бірақ айлығы бәрібір төмен болады. 6 мың доллар алатын мықты аспазшыларды білемін. Өз ісін жақсы білетін ағаш шеберлері, тәжірибелі де сапалы газ дәне­кер­леу­шілер жетіспейді. Көпшілік көлікті жүргізе алғанымен, жол ережесін түсінбейтіндер жеткілікті. Құрылыс та сон­дай. Шегені де қағудың өз әдісі бар емес пе?! Әрбір адам өз ісінің шебері болуы керек. Кірпішті қалаудың да, сы­лақ әзірлеудің де өз қыр-сыры баршылық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста