Аралас мектептерден арылатын уақыт жеткен жоқ па?

Қазiр елiмiзде 7514 орта бiлiм беретiн мектеп бар. Оның 3845-i қазақ, 1673-i орыс тiлiнде шәкiрт тәрбиелесе, 2083 мектеп аралас (қазақ-орыс), 65-i өзбек, 14-i ұйғыр тiлiнде. 1968-69 жылдары 1689 аралас мектеп болған екен. Ал жалпы бiлiм беретiн 108 орта мектептегi 18000 оқушы өздерiнiң ана тiлiнде оқуға ұсыныс жасаған. Нәтижесiнде оқушылардың 22 тiлдi ана тiлi ретiнде оқып келедi. Қоғамға аралас мектеп қажет пе? Ата-аналар «баламыз бiр тiлдi толық меңгерiп шықпайды» деп араласты қажет етпесе, ендi бiрi «осы жүйе арқылы достықты нығайтуға болады» дейдi. Қарама-қайшы пiкiрлердiң қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, таразыға салып көрелiк.

Нұрлан АДАМОВ, №133 жалпы бiлiм беретiн мектеп директоры:
Иә

– Кез келген нәрсенiң екi ұшы болатыны секiлдi аралас мектептiң де пайдалы жақтары бар. Мысалы, мен 2005 жылдан бастап аралас мектепте басшылық қызметте келемiн. Екi ұжымды тек «бәсекелестiк» мақсатта ғана ұстауға болады. Қазақ сыныптары бiлiм, тәртiп, мектеп формасы жөнiнен әрдайым үлгi болып келедi. Ал орыс бөлiмiнде оқитын оқушылардың кейбiрi жан-жақтылығымен көзге түседi. Мiне, осы сәттi ұтымды пайдаланып, қазақ бөлiмiндегi шәкiрттерге «мына сынып мақтауға тұрарлық» деп астарлап қамшыласаң, оза шауып бара жатқан жүйрiктi басып озады. Қазақ балалары қашанда қарапайымдылығымен ерекшеленедi. Жекелеген оқушыны емес, топтың жақсылығын айта отырып, халқымыздың үлкендi құрметтеу, кiшiге iзет көрсету сынды сыпайылығын санаға сiңiруге болады.
Мұғалiмдер арасында да «мультимедиялық тақтаны бастауыш сыныптың мұғалiмi жақсы пайдаланды, осыны сендерден көргiм келедi» десең, жетiп жатыр. Тағы бiр тиiмдi жерi, ақпаратты екi тiлде ұсына аламыз. Екi тiлдi емiн-еркiн меңгерген оқушы жерде қалмайды. Жұмыс орнында бiреуге болмаса, ендi бiрiне көмегi тиюi мүмкiн. Қоғамда орыс тiлiнiң мәртебесi биiк тұрғанын мойындауымыз керек. Аралас мектептiң ашылуына жағдай туғызатын себептер көп. Мәселен, көп ата-ана мектептiң үйлерiнiң маңында болғанын қалайды. Айналып келгенде, талап орындалады. Аралас мектеп арқылы ұлтаралық достықты нығайтуға болады. Әр ұлттың мерекесiне тоқталып, олардың тарихы, әдебиетiмен танысудың еш артықшылығы жоқ. Сондай-ақ iс-қағаздарын да екi тiлде жүргiземiз. Бұл, бiр жағынан, Елбасымыздың «Үш тұғырлы тiл» саясатының орындалып жатқандығын көрсетедi. Мектептегi iс-шаралар орыс-қазақ тiлдерiнде өтедi. Жақында «Көркем ару» атты өзге ұлт өкiлдерiнiң қыз балалары арасында ана тiлiмiзде сайыс болып өттi. Қазақтың батыр, ақылды қыздарының өмiр жолдарымен танысқандығы көрiнiп тұр. Ұжымда 90 ұстаз еңбек етсе, 1116 оқушы – қазақ тiлiнде, 555-i орыс бөлiмiнде бiлiм алуда. Бұл сандардан ешқандай теңсiздiк байқалмайды. Есесiне орыстiлдi мамандар аз. Орыс бөлiмiнiң бiр сыныбында 15-20 бала бiлiм алса, осыған сай ұстаздар қызмет жасайды. «Аралас мектеп – орыстандырудың қалдығы» деген пiкiрге келiспеймiн. Өйткенi тiлдi таңдау – адамның өз еркi. Бастысы, бiлiмдi белгiлi дәрежеде алса болғаны.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, ғалым, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты:
Жоқ

– Ресей империясы Қазақстанды бiр жарым ғасыр iшiнде әрең жаулап алды да, XIX ғасырдың II жартысында Ортаазиялық Бұқара әмiрлiгi мен Қоқан, Хиуа хандықтарын екi жыл iшiнде-ақ бодандық қамытын мойнына кигiзiп үлгердi. Жергiлiктi халықпен қарым-қатынас жасау үшiн, әрi оларды бiртiндеп орыстандырып шоқындыру мақсатымен орыс-түзем мектептерiн ашуды қызу түрде қолға алып, жүзеге асыра бастады. Сырдария губерниясының тұңғыш генерал-губернаторы фон Кауфман Перовскiдегi орыс-түзем мектептерiн тексеру үшiн өзi келедi. Орыс тiлiнде оқып жүрген бұратана халықтардың балалары оқитын мектептiң дәрiсiне кiрiп, балалардың орыс тiлiн жақсы меңгерiп жатқанына ризашылық бiлдiредi. Бiрақ қоңырау соғылып, балалар далаға шығып ойнап жүргенде, олардың тек қазақ тiлiнде сөйлегендерiн байқайды.
«Неге олар өз тiлiнде сөйлейдi, не себептi өздерi оқып жүрген орыс тiлiнде сөйлеп, ойнамайды, олар өз тiлiн ұмытып, тек орыс тiлiнде ғана сөйлеу үшiн не амал қолдану керек» деп отаршыл генерал ойланады да, «орыс балалары мол, қазақ балаларын оқытатын аралас мектеп арқылы бiрге қосып оқытып, орыс тiлiндегi сөйлеу орнын орнықтыру керек» деген шешiмге келедi. Сөйтiп, «орыс-қазақ балаларын арластыра оқу қажет» деп кеңес бередi. Келесi жылы осы ойының жүзеге асуын тексермек болған генерал қайта айналып келiп, олардың ойын үстiндегi сөйлеу тiлiн бақылайды. Балалар далаға шығып, орыс балаларымен араласып, орысша сөйлеп ойнап жүредi. Генерал мақсаты жүзеге асқанына дән риза болады. 1903 жылы Әулие ата қаласында ашылған қыздар гимназиясы да осы саясаттың ағарту саласындағы «жемiсi» едi. Астанадағы 61 мектептiң 16-сы – орыс мектебi, 19-ы – қазақ мектебi, ал ең көбi, 26-сы – аралас мектеп. Дәл бүгiн Қазақстанда 1777 таза орыс мектебi мен 2068 аралас мектеп бар. Олардың жалпы саны – 3845, таза қазақ мектебi – 3788. Қазақ мектептерiнiң саны жалпы мектеп санының 50 пайызына жетпейдi. Аралас мектептен алар пайда жоқ. Бұл – орыстандыру саясатының қалдығы. Бұдан құтылудың төте жолы – аралас мектептегi қазақтарды орыс сыныптарынан бөлiп, қазақты – қазақ, орысты орыс мектебiне жiберу керек. Аралас мектеп бұлақтың басында тұрып алып, су ағысын лайлайды. Егер бiрыңғай орыс тiлiне басымдық берсе, бiздер қай жағынан болсын ұтыламыз. Аралас мектептердегi қазақ сыныптарында оқитын оқушылардың саны орыс сыныптарындағы балалардың санынан екi еседей артық. Қазақ сыныптарында – 25-30, орыс сыныптарында – 15-20 оқушыдан. Сондықтан әр үш аралас мектептiң екеуiн – қазақ, бiреуiн орыс мектебiне айналдырып, қазақ мектептерiнiң бiр мәселесiн шешуге болады.

БЕЙТАРАП  ПIКIР
Аягүл МИРАЗОВА,
№159 гимназия директоры, «Қазақстанның Еңбек Ерi» наградасының иегерi:
–    Қазiр мүмкiндiк болса, аралас мектепке тыйым салу қажет. Әсiресе ақпараттың, бiлiмнiң тiлi орыс тiлiне еркiндiк берiлсе, жағдай қиындай түседi. Егер аралас мектеп ауылдық жерде орналасқанда қауiп сейiлген болар едi. Себебi ауыл ана тiлiмiздiң, дiнiмiздiң ошағы ғой. Аралас мектепке деген сұранысты азайту үшiн, ең алдымен, қазақ пен қазақ қазақша сөйлесу керек. Медеу ауданына қарасты жаңадан ашылған 3 мектеп тек қазақ тiлiнде бiлiм бередi. Демек, сұраныс бар. Кейбiр ата-аналарымыз «баламыз екi тiлдi еркiн меңгерсiн» деген мақсатпен берiп жатады. Оларға қарсы ештеңе айта алмайсың. Оның үстiне орыс тiлi жүрмейтiн қоғамдық орын аз. Сондықтан да қазақ азаматтарының ұлттық мүдде аясында жұмыс iстегенi жақсы болар едi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста