«Алимент мөлшерін азайту керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?

«Алимент мөлшерін азайту керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?

Елдегі ажырасушылар санының жыл санап артып бара жатқанына алаңдаған мамандар «алимент мөлшерін азайту керек» деген ұсыныс айтуда. Олар «балаларымды алиментпен-ақ асыраймын» деген ұстаныммен аналарымыз кейбір жағдайда ажырасуға мүдделі болады деген пікірде. Алайда бүгінгі күні қоғамда жиі айтыла бастаған осынау ұсынысқа қарсылық танытып, «ажырасушылардың көбеюінің алименттің мөлшеріне қатысы жоқ. Болмашы мөлшердегі алиментпен жалғызбасты аналар баласын қалай асырайды?» деушілер де жоқ емес. Соңғы кездері алиментке қатысты мәселелер көбейіп, қоғамымызда да сан түрлі ұсыныстар айтыла бастады. Тақырыпқа орай мамандар пікірін сұрастырып көрген едік.


Ләйлә АХМЕТОВА, «Ер-азамат» дағдарыс орталығының төрайымы:
иә
– Өмірде түрлі жағдайлар орын ала­ды ғой. Осы орайда біздің дағдарыс орта­лығына да түрлі тағдырлы ер-азаматтар келіп жатады. Сонда көзімнің жеткені – олар баласы үшін барын беруге бар, бірақ әлеуметтік тұрғыдан оған шамасы жете бермейді. Сондықтан али­мент мөлшерін азайтса, берешек әкелер­дің көбі өзінің шамасы жететін алимент мөлшерінен қашпай-ақ, төлеуге ұмтылар еді. Бүгінгі күні жиналып қалған талай бере­шектің де көлемі азаяр еді.
Осы орайда айта кетер жайт, ең бол­маса алимент төлеуге шамасы жетпейтін әке­леріміз үшін мемлекет тарапынан балаға алимент төлейтін арнайы әлеу­меттік қор құрылса дұрыс болар еді. Мәсе­лен, Украинада мынадай норма бар екен, балаға қажетті алимент төленбесе, мем­лекет бюджетінен өтеледі екен.
Бізге мемлекет бүгінгі күні еш қамқор­лық­сыз қалып отырған балаларымыз үшін осындай әлеуметтік қор арқылы алимент төлеуге мүмкіндік тудырса дұрыс болар еді. Сосын шамасы келген уақытта ер-азамат­тарымыз оны мемлекетке қайта­ратындай жүйе енгізілсе, мәселе шешілер еді. Ал оны мемлекетке қайтарғанға дейін берешек әке мемлекеттік шекарадан аттай алмайтындай, банктерден несие ала алмай­тындай жүйелер енгізу керек. Өйткені көп жағдайларда ер-азаматтар сыртқы тұлғасы мықты көрінгенімен, жан дүниесі нәзік келеді. Жарынан ажырасқан уақытта балаларынан да айырылғанын көтере алмай, ішіп, маскүнемдікке салы­нып кетеді. Мұның соңы олардың жұмыс­сыз қалуына себепкер болады да, алимен­тін де төлей алмайтындай күйге түседі. Ал бұл оған тіпті үлкен соққы болады. Осылай­ша ер-азаматтарымыз сынып кетіп жатады. Ал оларға сондай сәтте мемлекет тарапынан құрылған әлеуметтік қор көмектессе дұрыс болар еді.
Ер-азаматтарымыз тектен-текке алимент төлеуден қашып жүрген жоқ. Қай әке өзінің туған баласын қамтамасыз етуді жек көреді дейсің? Алайда сананы тұрмыс билеп, олар жұмыссыздық салдарынан еріксіз алимент төлей алмай қалады. Мемлекеттік әлеу­меттік қор тәжірибесі Франция, Ұлы­британия, Австрия, Дания, Нор­вегия, Финляндия секілді көптеген елдерде сәтті қолдануда екен. Ендеше, біз де әлеуметтік қор арқылы ер-азаматтарымызға жәрдем­дес­сек, талай балаға қам­қор­шы болған болар едік. Ал ер-азамат­тарымыз оны несие есебінде шамасы жеткен мөл­шерде азайтып, жалақысының мөлшеріне қарай есептетіп, мемлекетке қайтарып төлер еді.


Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер, «Әділет» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
жоқ
– Мен бұл ұсыныспен келіспеймін. Алимент мөлшерін азайтудың қажеті жоқ. Бұл ұсыныс онсыз да алимент төлеу­ден жалтарып жүрген берешек әке­ле­рі­мізді тіпті босаңсытады. Сондай-ақ бү­гінгі күні әкесіз өсіп жатқан мыңдаған бала­ның құқының шектелуіне алып келеді. Сонда жалғызбасты аналар бала­ла­рын қалай қамтамасыз етеді? Бүгінгі күні бұл ұсыныс балалар тағдырына алаң­даушылық білді­ріп отырған кейбір Мәжіліс депутаттарын да алаңдатып отыр. Осы орайда депу­тат­тардың «бұл өзге­рісті енгізудегі мақсат – берешек көле­мін азайту арқылы статис­ти­каны фор­малды түрде жақсарту ғана» деген пікірімен де келісемін. Біз бәрінен бұрын алимент көлемін азайтса, жарытып тамақ ішу мен жөнді киім киюден қағыл­ғалы тұрған балалар тағдырын ойлауы­мыз керек.
Бұл – әлеуметтік мәселе. Қарап отыр­саң, бүгінгі күні халықтың алатын жал­ақы­сының мөлшері де мәз емес. Ерлі-зайып­тылар ажырасып кеткен жағдайда бір бала үшін баланың әкесі жалақысының төрттен бір бөлігін, яғни 25 пайызын, ал екінші баласы үшін 30 пайызын, яғни жала­қы­сы­ның үштен бірін аударып тұруға міндетті. Онсыз да жалақысы мәз емес әкелер жалақысының 25 пайызын аударып тұрса, баласы үшін бұл айтарлықтай мөлшердегі қаржы деп санамаймын. Ал бұл мөлшерді одан әрі азайтатын болсақ, сонда баланы қалай қамтамасыз етуге болады? Баланың ішіп-жемі, киімі, балабақшасының ақысы мен мектепте оқитын бала болса, оның керек-жарағы, қатысатын үйірмелерінің ақы­сының бәрін есептегенде мұның бәрін жалғызбасты ана қалай қамтамасыз етуі керек? Шын ынтымағы бұзылған отбасы алимент мөлшеріне қарап ажырасудан бас тартады дегенге де сенбеймін. Біз алимент мөлшерін азайту арқылы ерлі-зайып­ты­лар­ды зорлап, қосақтап ұстап отыра да алмай­мыз. Тіпті керек десеңіз, бүгінгі күні али­мент төлеуден қашқақтап жүрген бере­шек әкелердің соңынан қуаламай-ақ, бала­сын өз күшімен жетілдіріп жатқан ана­ла­рымыз да жетерлік.
Айта кетер жайт, бізге бүгінгі күні али­мент мөлшерін азайтудан гөрі, әкелердің жауапкершілігін күшейту қажет. Әке балалары үшін, жалпы, отбасы мен жары үшін әрқашан қамқор болуы керек. Ал бүгін­де алимент төлеуі тиіс әкелер өзде­рі­нің жұмыс істемейтіндігі туралы түрлі жал­ған құжат әзірлеп, реті келсе, баласына қамқорлық көрсетуден қашып тұрады. Шын мәнінде бұл – қазақтың ер-аза­мат­та­рына жараспайтын қылық. Сондықтан біз барынша әкелердің жауапкершілігін күшейту жолдарын іздестіргенде ғана отба­сының сақталуына себепкер боламыз.

Бейтарап пікір
Ерболат МҰСАБЕКОВ, ҚР Статистика агенттігінің Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары:
 – Бұл біржақты қарастыратын мәселе емес. Ерлі-зайыптылар дәм-тұзы жарас­пай, ажырасып кетіп жатқан күннің өзінде бала тағдыры үшін екеуі бірдей жауапты болуы керек. Өйткені олар баланы өмірге бірге әкелді. Ендеше, оның тәлімді тәр­бие, сапалы білім алып, таршылық көрмей өсуіне екеуі де жауапты. Сондықтан бұл жерде, ең алдымен, бала мүддесі ескерілуі керек. Негізі, біз алимент деген ұғымды ұмытатындай жағдайға жетсек дұрыс болар еді. Айналып келгенде, мұның бәрі – қоғамымызда ажырасушылардың санының көбеюіне орай туындап отырған мәселе. Сондықтан алименттің мөлшерін азайтып, көбейтуден бұрын, біз ажырасушылардың санын азайту жолдарын қарастыруымыз қажет. Ажырасудың алдын алумен айналысуымыз керек. Отбасы шағын мемлекет дейміз ғой. Ендеше, осы шағын мемлекет бетпе-бет келіп отырған мәселелерді тереңінен зерттеп, отбасының ыдырауына себеп болып отырған мәселелерге назар аударып, шешуіміз керек. Сонда біз алимент мәселесіне көп бас ауыртпас едік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста