8 млн гектар жайылымдық жерді суландыру жобасы еліміздің жерасты су қорының балансына кері әсер ете ме?

8 млн гектар жайылымдық жерді суландыру жобасы еліміздің жерасты су қорының балансына кері әсер ете ме?

Өткенде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мал шаруашылығы департаментінің директоры Қанат Ыдырысов елімізде 2013-2020 жылдар аралығында 4 мың құдық салу арқылы 8 млн гектар жерді суландыру жоспарланып отырғанын, мұндағы шығындар шамамен 28 млрд теңгені құрайтынын мәлімдеген-ді. Жалпы, Ыдырысов мырзаның айтуынша, құдықтар салуды ұйымдастыру көп қаражатты қажет етеді. Осындай көп қаражаттың қажеттігі бүгінгі күнге дейін жайылымдарды суландыру және жайылымды мал шаруашылығын дамыту шараларын жүзеге асыруды тежеуде. «Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобалардың капитал ауқымын және өтеу мерзімін қысқарту мақсатында «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында жайылымдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды ішінара өтеуді көздейтін мемлекеттік қолдау түрін енгізуді ұсынды», – деп атап өтті Қ. Ыдырысов.
Сөйтіп, болашақта мемлекеттік қолдаудың аясында елдегі 8 млн гектар жайылымдық жерлерді суландыру жобасы қолға алынбақ. Ал енді 8 млн гектар жайылымды суландыру жер астындағы су қорына кері әсерін тигізуі мүмкін бе? Осы ретте мамандардың пікірін ортаға салдық...


Мұрат ҒЫЛМАНОВ, биология ғылымының докторы, профессор:
иә
– Иә, меніңше, 8 млн гектар жайылымдық жерлерді бірден суландыру елдегі жерасты су қорының балансына өзіндік кері әсерін тигізеді. Мысалы, Қазақ­стан бойынша жерасты суының (артезиан және грунт сула­ры­ның) жалпы қоры 7500 млрд м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд м3 сіңбе сумен толы­ғып отырады. Қа­зіргі кезде қала­лар мен елді ме­кендерді сумен қам­та­масыз ету, мал жайылымдарын сулан­дыру, жер суғару бағыт­та­рында пай­да­ланып жүрген жерасты суы­ның мөл­шері – 3,5 – 4 млрд м3. Ал енді бо­лашақта 8 млн гектар жайы­лым­ды сулан­дыру жоба­сын қолға ала­тын бол­сақ, бұл көрсет­кіш бір­не­ше еселенеді.  
Білесіз, жалпы біздегі жерасты суының қоры негізінен елді мекендерді, қала­лар­ды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауызсумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамта­масыз етуге ғана пайдаланылуда. Жерасты су қорын арнайы каналдар қазу арқы­лы немесе құдықтар қазу арқылы мал шаруашылығында қолданып көрген тәжірибеміз аз. Тіпті мұндай тәжірибені қол­данысқа енгізуді осы уақытқа дейін ойламадық та... Енді келіп бірден «2013-2020 жылдар аралығында бұл межені орындаймыз» деп жоспарлап отырмыз. Негізінде, бұл – әлі де зерттеуді қажет ететін; асығыс шешімге бой алдыруды жөнсіз санайтын жүйе. Сондықтан бұл ретте арнайы кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізген абзал. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жерасты сулары мемлекеттік балансқа алынады. Бұл жер асты суын қорғау оның қорларының сар­қы­луын болдырмауға тиістілігін қада­ғалау үшін қажет.
Жалпы, су саясатының маңызы бар екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Әйтсе де, осы мәселені шешуге келгенде біздің әлі де болса салғырттық танытып отырғанымыз жасырын емес. Қайсыбір сарапшылар бүгінде республикамыздағы жер асты суларының деңгейі төмендеп кеткенін, осыдан барып суармалы егістік жерлерінің сапасы нашарлап бара жат­қанын алға тартады. Ал ауызсу проб­ле­масына қатысты мамандардың уайымы тіпті ерекше... Сөйтіп, елде су шаруа­шылы­ғына қатысты проблема шаш-етек­тен. Оны оңтайлы шеше алмай отырып, бірден «8 млн гектар жайылымдық жерді сулан­дырамыз» деп жоспарлауға асық­пауымыз керек. Жерасты су қорын зерттеу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазірде су ресурстарына ғарыштан бақы­лау жасау қажеттігі сөз болуда. Қандай жер­де лай су жиналған, олардың құра­мын­да адам ағзасына қатысты қандай зиянды заттар болады? Жалпы, су неден бұзылады? Ғарыштық бақылау арқылы біз осы сауалдарға жауап таба аламыз. Көп жылғы зерттеулер барысында жер бетінде түрлі мақсаттарға қолданатын тұщы су қоры көп болғанымен, адам ағзасына зиянын тигіз­бейтін, ішуге жарамды су өте аз екендігін байқалды. Сондықтан бізге су шаруа­шы­лығын тереңнен зерттеу үшін респуб­ли­калық тұрғыда ғарыштық бақылау жасау жүйесін енгізу керек. Су қорларын сақтай­тын, сапалы суға жарытатын стансылар салынуы қажет. Жерасты суларының көз­дерін тауып, оны тиімді игерудің жол­дарын қарастыру қажет. Бұл шара шөл және шөлейт аймақтарды, сортаң жер­лерді тұрақты да сапалы сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ал мұның барлығын жасап алмастан, бірден жоспарды орын­дауға кіріссек, онда ұтыламыз. Сондықтан бірінші кезекте аталған бастама елдегі су қоры балансына кері әсерін тигізіп, қорды азайтпасын десек, алдымен осындай кешен­ді істерді атқару керек...


Бақтияр САДЫҚ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Жайылым – бұл мал бағуға жә­не ауыл шаруашы­лығына пай­да­­ланатын жер ғана емес, осы сала­ның дамуы мен мал ша­руа­шы­лы­ғын өркендету, халық­­­тың әл-ауқатын жақ­сарту мәселеле­рі­мен байланысты. Біз келешекте жа­сыл эко­­­номикаға бет бұрған ел ре­тін­­­де айқын, сауат­ты ба­ғыт-бағ­дар құра білуі­міз керек. Бұл ретте жайылымдық ке­­ңес құру, көп­жыл­­дық шөптер егіп, тозған жер­лерді қал­пы­на кел­тіру; күн және жел гене­ра­тор­ларын пай­далану ар­қылы жайы­лым­дарға жылу, жа­рық беру; аймақ­­тар­да­ғы құ­дық­­­тар­ды қал­пына келтіру істері, жерасты сула­рын пай­да­ла­ну ар­қылы жайы­лым­дарды жан­­дан­ды­ру істері қол­ға алы­нуда.  
Бұл – қолдайтын жағдай. Бұған қатыс­ты ауқым­ды қаржы бөлу мәселесі; сауатты мамандар легін жасақтау; ғылыми-тәжі­ри­белік жұмыстарды електен өткізу тура­сын­да қазір айтылып жатыр. Елімізде 282 млн гектардан астам жайылымдық жер бар. Қынжыларлығы, сол көлемді жайы­лымдық жердің 40 пайызын ғана ұқсатып отырмыз. Ал қалғаны пайдала­ныл­­май отыр. Келешекте біз жеріміздің құ­нар­лылығын арттырып, өндірістік, өнімді­лік қабілетін көтереміз десек, жаңашыл­дыққа бет бұрып, бұрын астық егілген, қа­зір бос жатқан жерлерге көпжылдық шөп­ егу мәселесін қолға алуымыз керек. Ол үшін, әрине, жерасты суларын пай­­далану арқылы жайылымдарды жасыл­­дандыру үрдісі өте оңтайлы ойлас­ты­рылған нәрсе. Бұған қоса, ойлап қара­ңызшы, респуб­ликамызда қазіргі орылып жүрген ша­бындықтар – сонау 70-жыл­дардан бері егілген шөптер. Уақыт өткен сайын ол шөптердің тозығы жетіп, өнімділігі кеми түсетіні – онсыз да белгілі дүние. Сон­дықтан ендігі кезекте көпжыл­дық шөп егу жайын ауқымды түрде қол­ға алға­ны­мыз дұрыс. Ол үшін, әрине, жерасты суларын тиімді пайдалануды тәжірибеге енгізетін кезең жетті. Бұл шара су қорының балансына кері әсерін тигізеді дегенмен мен келіспеймін. Себебі мұндай жүйе әлемдік тәжірибеде қолданыста бар. Сондықтан бұл жаңашылдықты қолда­ныс­қа енгізу оң нәтиже береді деп сену керек. Мұны қолдаған абзал.

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Үсен АМАНБАЕВ, экономист-сарапшы:
– Нақ қазір елімізде жайылымдық жерлердің біртұтас жүйесін қалыптастырудың өзекті мәселе екені даусыз. Бұған қатысты қазір ауыл-аймақтардағы жергілікті әкімдіктерге міндеттеме жүктеліп, жайылымдық жерлерге қатысты арнайы тексеру жүргізу жайы да пысықталуда. Тек таразының екі басы болатыны тәрізді бұл мәсе­леде бастама жақсы ғой, бірақ науқаншылдыққа салынып, шыны­мен де жерасты су қорының балансына кері әсері тиюі мүмкін. Қа­лай десек те, мәселені сауатты реттеуге тиіспіз. Келешекте қолға алынған реформалар «малым – жанымның садағасы» дейтін қарапайым қазақ үшін қызмет етуі үшін әрбір бастамаға мемлекеттік бақы­лау күшейтілуі керек. Әр бағдарламаның нәтижесі тек бақылау мен қадағалауды қажет етеді. Сондықтан бұл мәселенің де шешімі сол бақылаудың жауапкершілікпен атқарылуында болып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста