ТОҢМОЙЫН "ТҰЛҒА" немесе ҮШ КҮННЕН КЕЙІН ӨЛУ...

ТОҢМОЙЫН  "ТҰЛҒА"  немесе ҮШ КҮННЕН КЕЙІН ӨЛУ...

ТОҢМОЙЫН  "ТҰЛҒА"  немесе ҮШ КҮННЕН КЕЙІН ӨЛУ...

 

Бір ақсақалдың ауылдағы  жолдасының баласы Астанада үлкен қызметке орналасқан екен... Ауылдан арнайы барып, құтты болсын айтып қайтпақшы ниетпен жолға шығады.

 

Мекемесін елден сұрастырып жүріп  тауып алып келсе, хатшы қыз, бастықтың бос еместігін айтады. Ақсақал қабылдау бөлмесінде тосып отырса, бірнеше адамдар кіріп - шығып жатады.

 

 Бірнеше сағат өткен соң,  ақсақал:

 

- Қызым, кіріп сәлем беріп шығайын, - деген едім десе, хатшы қыз:

 

- Ақсақал, кіруге болмайды,  - дегеніне қарамай, кабинетке кіріп өзінің сұлбасын көрсеткенде, бастық:

 

- Тоса тұрыңыз, - деп, кері қайтарады.

 

Түс ауа автобуспен үйге қайытпақшы болған ақсақал хатшы қызға:

 

- Мен кетейін, қарағым, - деп, жинала бастайды.

 

Хатшы қыз:

 

- Басекеңе не дейін, - деп, сұраса,

 

ақсақал:

 

- Бастығыңызға айтыңыз, үш күннен кейін өледі екен, - дейді, автовокзалға бет алады....

Бастық елдермен сөйлесіп бітіп, хатшы қыздан:

 

- Бағанағы ақсақал қайда? - десе, қыз:

 

- Ол кісі Сізді тосып - тосып, шыдай алмай кетіп қалды, - дейді. 

 

- Кетерінде маған бірдеңе айтты ма? - деп, сұрайды басекең.

 

Қыз :

 

- Ыңғайсыз айта алмаймын, Басеке, - дегеніне қоймай,  ақсақалдың үш күннен кейін өлесің деген сөзін ести сала, автовокзалға тартады.

 

Келсе, енді ауылға жүрейін деп жатқан автобуста отырған ақсақалға келіп:

 

- Ақсақал, менің үш күннен кейін өлетінімді қайдан білдіңіз, аян берді ме, болмаса, түс көрдіңіз бе? - деп, сұраса, ақсақал:

 

-  Менің кемпірім өлеріне үш күн қалғанда, кісі танымай қалған еді, - деген екен...

 

 

 

Қайрат Нұрлықасымұлы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста