ШАПАН КЕРЕК ПЕ, ТОҚАЛ КЕРЕК ПЕ?

Өткен айдың басында інімнің ұлы үйленіп, тойға бардым...
Құда-жекжат, ағайын-туыс, дос-жарандары келіпті.
Үйдің үлкені болғандықтан, тойды ашып беру рәсімі маған жүктеліпті. Ортаға шығып, батамды айтып, тойды ашық деп жарияладым. Енді орныма барайын десем, асаба жеңнен ұстап жібермейді:
..- .Ағасы, асықпаңыз, Сізге шапан жабу рәсімі бар екен сценарий бойынша деп...
- Е, мейлі, құрметтеп жатса күтейін деп іштей ойладым да, тұрдым.
...Той әбігерімен болар, маған тиісті шапан табылмай жатыр ма білмедім, шапан келе қоймады...
Аздап пауза боп қалды.
Сол паузаны толтырғысы келген болу керек, асаба да бір қужақтау жігіт екен:
- Ағасы, Сізге шапан керек пе, әлде, тоқал керек пе? деген оқыс сұрақ қоймасы бар ма!
...Не дерімді білмей, сасқалақтап қалдым. Үндемей күліп құтыла салайын мына жандайшаптан деген оймен жымиған болдым...
...Асаба одан әрі еркінсіп:
- "Айтыңыз мына жұртқа, шапан керек пе, тоқал керек пе?" деп езеурей түсті...
...Қалай айтам, отырған жұрт түгелге жуық таныс болса. Көбісі өзімді құрметтейтін інілер боп келеді. Қастарында келіндерім отыр қол ұстасып...
...."Шапан" дейін десем, інілерім әзілдеп болса да "Ой көке, сіз де қартайып қапсыз ғой. Жеңіліпсіз-ау..." дейтіні анық (тойда онсыз бола ма).
"Тоқал" дейін десем, қасында отырған келіндерім іштей болса да "Мына қақбасты қарашы, інілеріне "тоқал алыңдар" деп тәрбие беріп тұрғанын" деп ренжулері әбден мүмкін...
Онда сәлемге зар боп қалатын түрім бар...
...Асаба тықақтап қоймайды.... Шапан да тез табыла қоймады...
....Маған енді ортада тұрып, клоун сияқты ыржақтаудан еш мағына қалмады. Онсыз да жұрт назарын өзіме аудартып алдым...
Шегінер жер қалмағанда бір жауап беру керек не болса да деп, асаба сұрағын қайталағанда (сірә, менің сасқанымды көріп, өзінің "тапқырлығына" өзі сүйсінген болса керек):
- "Оу інішек, құр сөзді сапыра бермей әкел бері екеуін де!" - дедім..
....Мұндай "ерлікті" менен күтпеген асабаның өзі бір сәт абдырап қалды...
Мен де ес жиғызбай:
- "Кәне, жігіт болсаң сөзде тұр әкел бермен екеуін де!" деп нығыздап қойдым...
...Сол кезде шапанның "төбесі көрініп" асаба "Ал ағасы, анау да мынау..." деп сырғақтатып, өзіндегі патовый жағдайдан құтылып кетті әйтеуір...
Жұрт қыран күлкіге қарық боп жатыр.
....Інілер жағы "Пах шіркін, көкеміз жарап берді" деп жатса,
Келіндер жағы да "Көкеміз жол тауып кетті" деп риза болып қол шапалақтауда.
Меніңше, осыдан кейін інілер мен келіндер де бір бірінің қадірін ұға түскенде боп көрінді маған...

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста