ӨЛІП ҚАЛДЫ ДЕП АЙТА САЛШЫ...

Фейсбукке кірген сайын арасынан жырпылдап шыға беретін жарнамаларды көріп жүрген боларсыздар. Аздыратын дәрі, жасартатын дәрі дейсіз бе жанға қажетті дүниелердің бәрі бар. Десе де, ол өнімнің қаншалықты рас екенін бір ғана тузик біледі.

 

Жарнама астындағы пікірлерге қарасаң, шынымен сол затты алғың келіп кетеді. "Жанар Айжанова пәлен деген коктейлді қолданып жасарып кетті" деген жазбаны оқып отырып қызығып кеткенім рас.

 

Ерігіп отырып "заказать" деген жерге аты -жөнім мен телефон номерімді жаза салғанмын. Артынша телефоным безілдей жөнелді. Әлгі компаниядан екен. Орысша сымбырлап тұрған қатын Россиядан хабарласып тұрғанын айтып, толық аты-жөнім мен мекен-жайымды сұрап алды. Сөйтті де бірнеше күнде почта арқылы жетіп баратынын айтып телефон тұтқасын тастай салды.

 

Түкке түсінбедім. Жай әншейін болар дегенмін. Нақты сатып аламын деп келісім берген жоқпын ғой.

 

Арадан апта өткенде әлгі компаниядан хабарласып, тапсырыстың почтаға жетіп қойғанын айтып алып кетуімді өтінді. Шынында ол заттың маған түкке де қажеті жоқ. Поштаға да бара қоймадым. Оператор қатын звондауын тоқтатпады.

 

- 15 Мың төле де алып кетіңіз,сосын кешіккен әр күніңізге 300теңгеден төлейсіз! — дейді дүрсілдеп.
Бірде ауданнан жырақ жерде жүргенімді айтсам, бірде жиналыста отыранымды айтып мың сылтауға бастым. Сөйлескім келмейді. Мен жағдай айтқан сайын, әлгі қатын жаны шығардай болады. Орысша оттап жүрген оператор соңында қазақша сайрап кетті . Қазақстанның кей қазақтары қазақша сөйлей алмай жүргенде Россияның орысының бұнысы несі әй?— деп аң-таң болдым. Білгенімдей әлгі компания Россискийміз деп құлақтан тепкен сияқты. Жай ғана алаяқтар . Олармен ұрысуға менде дух жоқ.Тынбайды күнде қоңыраулатады. Соңында айтатын сылтау да қалмады. Телефон безілдей берсе бай елеңдейді.

 

Қысқасы сау басыма сақина тілеп алдым. Әне адамның дегбірін қашырып, тағы да шырылдап жатыр.

 

Осы жолы шарт кеттім.

 

-Ана телефонды ал да, жауап берші!

 

-Не дейін? — дей берген ұлға:
өліп қалған деп айта салшы — дедім ашуланып.

 

Бала телефонды алып, арғы жақтағы Салтанат Сәулебаевна деп сызыла бастаған бикешке -мамам қайтыс боп кетті! — деп тарс еткізді. Еще машина қағып кетті —деп қояды. Машина болғанда да анау-мынау машина емес, көмір таситын дәәәәу зил қағып кетіпті.

 

Күлкіден ішегім түйілді.

 

Қызық. Оператор қатын қандай жағдайда болды екен? Затының не за что өтпей қалғанына өкінбесе,мені өлді дегенге өкіне қоймас.

 

Өтірік өлсем өлейін, құлақ тыныш болса болды. Шүкір телефоным осы жолы үнсіз.

 

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста