Кешкі кептелісте үйіне қайтып келе жатқан досым гаишникке ұсталып қалыпты. Шыдамы таусылып, келесі көшеден бір-ақ шығайын деген оймен сары жолаққа шығып кетеді. Қырсық шалғанда сол кезде алдынан ала таяқ ербең ете түсіпті. Содан сақшыға «біратандап» жалынуды бастайды. Анау да бой бермей, екеуі біразға дейін тұрса керек. Бір кезде амалы таусылған досым айлаға көшіпті де, «Жұма намазында атыңды дұғаға қосайын. Алла разылығы үшін жібере салшы енді» деген ғой. Сөйтсе, анау да құдайға қараған біреу екен, «Атым Талғат» депті ғой, құлағына ақырын ғана.
Фейсбуктегі парақшасынан