МАРСТАҒЫ ВАЛЕНТИН КҮНІ...
Мынау Марстағы күннің батуы. Ондаған жылдардан соң Марста қалашық пайда болып, адамдар өмір сүре бастайды. Ол арман яки қиял емес, қадам-қадамымен орындалып келе жатқан нақты жоспар. Адамзатты мұндай жетістікке сөзсіз ғылым жеткізді. Міне, дәл осындай Марстағы күннің батуында, Масктың ұлы бір қызды құшақтап, 14-ақпанда махаббаты жайлы айтып, тек оны сүйетінін жеткізіп, құлақтан теуіп отырады.
Сол Марста пайда болатын қалашықта қазақ баласы бола ма, жоқ па? Қалай ойлайсыз? Марстағы 14-ақпанда бір-бірімен "бұл біздің мейрам емес" пен "онда тұрған не бар" лагеріне бөлініп, айтысып отыратын, неужели екі қазақ болмайды. Қой құрсын, болуы керек. Миллион тұрғыны болады деп жоспарланған қалашықта тым болмағанда 10 қазақ болуы тиіс әкең.
ПыСы:Марстан қыз алып, құдандалы болып, Марсқа киiт тасымасақ қай жеріміз қазақ и)
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан