Жақып Қажманұлы Асанов Қызылорда қаласында 1963 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында көмекші, облыс прокурорының аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996-1997 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі - Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы Басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001-2002 жылдары - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2002-2003 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2005-2007 жылдары - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары - «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бастап - «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Бас прокурорының орынбасары.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Жақып Қажманұлы Асанов
Последние статьи автора