Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов 1948 жылы 23 қарашада Ресей Федерациясы Омбы облысы, Щербакул ауданы Айбас ауылында дүниеге келген. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
1989 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспаралау Бас басқармасының бастығы, Қазақ ССР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары — Қазақ ССР министрі. 1996 жылы ҚР Премьер-минстрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі қызметтерінде болған. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі. 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Вьетнамдағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2008-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжіліс торағасының орынбасары болды.
«Парасат» орденімен, II дәрежелі «Достық» орденімен және медальдармен марапатталды.
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов
Последние статьи автора