Төлеген Тілекұлы Жүкеев
Төлеген Тілекұлы Жүкеев 1949 жылы 19 сәуірде Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында дүние келген.
1972 Әзірбайжан астанасы Бакудегі М.Әзізбеков атындағы мұнай және химия институтын тәмамдаған. 1972-1975 жылдары Атырау облысындағы бірқатар мұнай кәсіпорындарын жұмыс істеген. 1975 жылдан бастап Маңғыстау облысындағы түрлі партиялық қызметтерде болған. 1988-1990 жылдары Коммунисттік партияның ОК-ның экономикалық бөлімінде жұмыс істеген. 1991 жылдан бастап Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополияларға шектеу қою комитетітің төрағасының бірінші орынбасары. 1992-1993 жылдары ҚР-дың мемлекеттік кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары. 1994 жылы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 1995-2000 жылдары Оңтүстік Кореядағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2000-2005 жылдары Иран Ислам республикасындағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазір Стратегиялық бастамалар қорының жетекшісі.