Төлеген Қазезұлы Раисов

Төлеген Қазезұлы Раисов

Төлеген Қазезұлы Раисов 1945 жылы 21 cәуірде Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Гельминтолог-паразитолог, биология ғылымының докторы (1991), профессор (1991), Қазақстан Ғылым Академиясының академик (2003), Қазақстанның еңбек сiңірген ғылыми және техникалық қайраткерi (1998).
1968 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) және 1973 жылы Харьков медицина институтының аспирантурасын тәмамдаған.
1968-1970 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында ассистент, 1973-1987 жылдары доцент, кафедра меңгерушісі, проректор, ректор, 1987–2002 жылдары ректор, 2002 жылдан кафедра меңгерушісі, ректордың кеңесшісі қызметтерiн атқарады.
Оның негiзгi ғылыми еңбектерi гельминтоздың патогенезiн, одан сақтану және оны емдеу жолдарын зерттеуге арналған. Паразит пен иесiнiң арасындағы өзара байланысты (трихинеллез және эхинококк ауруларын) зерттеп, диагностикасын қоюдың және оны емдеудiң әдiстерiн жетiлдiрдi. Шалғай аймақтарда тұратын тұрғындардың денсаулығына ядролық сынақ полигонының радиациялық факторларының әсерiн зерттеумен шұғылданады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның iшiнде 4 монографияның «Патология при гельминтозах» (1991), «Иммуногенетическая структура жителей районов, прилегающих к территории Семипалатинского испытательного полигона» (1999), «Балалар организмiнiң гистологиялық ерекшелiктерi» (2000) және т.б. еңбектердің авторы. 4 өнертапқыштық куәліктің авторы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста