Темірхан Момбекұлы 1953 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы, «Мақтаарал» аудандық газетінде бөлім меңгерушісі, Алматы облысы, Талғар аудандық «Алатау жұлдызы» газетінде аудармашы, «Мектеп» баспасында, Қазақ теледидарында редактор, Қазақ радиосында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарды.
«Қуанышы көп күндер» (А., «Жалын», 1981), «Күміс велосипед» (А., «Мектеп», 1982), «Әдемі қыздың жігіті» (А., «Жалын», 1983), «Ғашықтық жөні бір басқа» (А.,»Жалын», 1988) сынды әңгіме, повесть жинақтарының, «Тағдыр» (А., 2000), «Қасиетіңнен айналайын», (А.,»Айкос», 2001), «Алысқа ұзатылған қыз», «Сырлы әлем», «Қойын дәптер», «Қасиетті Қазақ Жері», «Қазақтар» сияқты публицистикалық, прозалық кітаптар мен «Босқындар», «Құсшы-Қаражон», «Қызыл мая» радио-пьесаларының авторы. «Талқы» әңгімесі үшін 1992 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті сыйлығының лауреаты болған.
1995 жылы Ұлтжандылық, Желтоқсан тақырыптарындағы хабарларға өз қаржысымен бірінші рет Қайрат Рысқұлбеков атындағы конкурс ұйымдастырған. Қазақ радиосындағы «Жайдарман», «Бастаңғы», «Дәнекер», «Әлқисса», «Ақ тілек», «Қара шаңырақ», «Отырар кітапханасы», «Қойын дәптер», «Алтын арқау», «Сырласу», «Қасиетті Қазақ Жері», «Ел суреттері» хабарларының авторы. «Қаламгер» бағдарламасын ұзақ жылдардан бері жүргізіп келеді. Ол елімізді велосипедпен аралаушы ең алғашқы жазушы, саяхатшы.
Темірхан Момбекұлы
Последние статьи автора