Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров 1948 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келді. Қазақ политехникалық институтын, КОКП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, тарих ғылымының кандидаты, саясаттану ғылымының докторы, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы Әлеуметтану ғылымдары академиясының академигі, Л.Гумилев атындағы Халықаралық өнер академиясы сыйлығының лауреаты.
Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық партия қызметтерінде лауазымды қызметтер атқарған. 1994-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2003-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. Бірнеше монографиялық еңбектердің авторы.
ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерімен, Ресейдің «Достық» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров
Последние статьи автора