Шолпан Ахметқызы Хайдарғалиева 1955 жылы 26 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Химия-металлургия институтында бастаған. 1992-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесінің ғалым-хатшысы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертизалар басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Ғылыми-техникалық және технологиялық экспертизалар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Мұнай химия өнеркәсібі басқармасының бастығы, қазір Мұнай химия және техникалық реттеу департаментінің директоры.
Көптеген халықаралық, республикалық ғылыми-техникалық конференцияларға қатысып, баяндама жасаған. 18-ден астам ғылыми публистикалық жарияланымдардың авторы.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Шолпан Ахметқызы Хайдарғалиева
Последние статьи автора