Сәрсенбі Дәуітов

Сәрсенбі Дәуітов

Сәрсенбі Дәуітов 1947 жылы Шығыс Түркістанда дүниеге келген. 1970 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіріп, Қазақ телевизиясының «Құрдастар» редакциясында редактор болып қызмет істеген. 1972 жылы Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, 1973-1974 жылдары Фрунзе қаласының қалалық ішкі істер бөлімінде, 1974-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде қызмет істеген. 1975-1998жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. Т.Рысқұлов атындағы Басқару академиясында, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында қызмет жасады. 1982 жылы «Ә.Тәжібаевтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 2001 жылы «Қазақ әдебиетіндегі Қожа Ахмет Йасауи дәстүрлері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады, 2002 жылдан Д.А.Қонаев атындағы университеттің профессоры. «Төле би» (1993), Қ.А.Йасауидің «Диуани хикмет» (1993, М.Жармұхамедовпен бірге), «Абылай хан» (1993), «Бәйдібек баба», «Райымбек», «Сары бәйбіше», «Домалақ ана» кітаптарын құрастырды. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері. Шығармалары: Сыбаға. Өлеңдер. А.,«Жалын», 1978; Тау аясында. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Таулар тағдыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Жаңғырық. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Алтын ұршық. Өлеңдер. А.,» Жалын», 1987; Сарыбел сазы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1997. Ғылыми еңбектері: Диуани Хикмет және қазақ поэзиясы. Монография. А., «Қазақстан», 1998; Көңіл сазы. Монография. А., «Жазушы», 1989; Төле би. Зерттеу. «Жалын», 1993; Өмір – күрес. Зерттеу. А., «Дәуір», 1997; Хақ жолында. А., 2008.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста