Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон Университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
2001 жылы «Қазақстанның даму банкі» АҚ менеджері, бас менеджері. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 2003-2004 жылдары «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2004-2005 жылдары «Маркетингтік және талдау зерттеулер орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі.
2005 жылы «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ вице-президенті, «Интеркомшина» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Президенті. 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі. 2008-2009 жылдары. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің меңгерушісі. 2009-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2010 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2011 жылдың 23 маусым айынан бастап 2013 жылдың мамыр айына дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қор» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің төрағасы. 2013 жылдың 30 мамыран бастап «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқармасының төрағасы.