Қамал Низамұлы Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Саяси ғылымдардың докторы, профессор.
1977-1978 жылдары - Ә.Қастеев атындағы ҚазСРО мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми қызметкері. 1978-1979 жылдары - ҚазСРО ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аға лаборанты. 1979-1995 жылдары – С.М. Киров атындағы ҚазМУ-да аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, тарих факультеті саяси тарих кафедрасының меңгерушісі. 1995-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ тарих факультетінің деканы. 2000-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ философия және саясаттану факультетінің деканы. 2001-2002 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Абай атындағы АлМУ заң факультетінің деканы. 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары – ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры. 2007-2011 жылдары - ҚР IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қамал Низамұлы Бұрханов
Последние статьи автора