Қали Сейілбекұлы Әбдиев 1956 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. 1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. Оқуын аяқтағаннан кейін 1979-1981 жылдары КазМУ-да оқытушы болып жұмыс істеді. 1981-1997 жылдары — Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқытушы, доцент, физика-математика факультеті деканының орынбасары. 1997-2007 жылдары статистика органдарында жұмыс істеген, 2003-2006 жылдары – Статистика агенттігінің Төрағасы. 2007 жылғы шілдеден – 2010 жылға дейін – «Казақстан теміржолы ҰК» АҚ-ның департамент директоры, атқарушы директоры, компания президентінің кеңесшісі болды. 2010 жылдың қараша айынан бастап – ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталағының директоры. «Құрмет» орденімен, 2 медальмен марапатталған (2005 ж.). 5 кітаптың және 80 ғылыми басылымның авторы, педагогика ғылымының докторы.
Қали Сейілбекұлы Әбдиев
Последние статьи автора