Қадыржан Қабдошұлы Дамитов 1959 жылы 16 желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын және Мәскеу қаржы институтының аспирантурасын бітірген.
1982 жылдан - «Союзсистемпром» ҒЗИ Қазақ бөлімінде инженер. 1984 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында аға инженер, тағылымдамашы-зерттеуші; Мәскеу қаржы институтының тағлымдамашы-оқытушысы, аспиранты. 1988 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы, Қазақстан ҒА Экономика институтында ғылыми қызметкер. 1990 жылдан - «КАТОН экспорт-импорт» фирмасының (Германия) Қазақстан бойынша өкілетті өкілі. 1991 жылдан «Alem Bank Kazakhstan» жетекші экономисі, бас экономисі, сектор меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 1994 жылдан - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1997 жылдан - ҚР экономика және сауда вице-министрі. 1997 жылғы қазаннан - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 1998 жылдан - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2000 жылдан - «ABN AMRO Банк Қазақстан» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2004 жылдан - «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президентінің кеңесшісі - директорлар кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан - «Ертіс Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылғы ақпаннан - «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2009 жылдың мамырынан - 2013 жылдың маусымына дейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ президенті. 2010 жылғы мамырдан 2013 жылғы шілдеге дейін - «Қазақстан халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директоры). 2013 жылғы 30 шілдеде «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БТА Банк» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Қадыржан Қабдошұлы Дамитов
Последние статьи автора