Пәтима Мұхамеджанқызы Киясбаева
Пәтима Мұхамеджанқызы Киясбаева 1966 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын тәмамдаған. Инженер-химик-технолог, мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер-маман.
Еңбек жолын 1986 жылы «Қазтұрмыстехника» ғылыми-өндірістік бірлестігінің зерттеу бөлімінде техник болып бастады.
1992-1994 жылдары – ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі Жалпы бөлімінің аға инспекторы, Бас қаржы-экономикалық басқармасының маманы.
1994-1996 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясының Жалпы бөлімінде инспектор, аға инспектор.
1996-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратында Комитеттермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімнің аға маманы, бас сарапшысы, консультанты, Заңнама бөлімінің, Қаржы және бюджет комитеті Хатшылығының бас консультанты қызметтерінде болды.
2007 жылдың қараша айында ҚР Парламенті Мәжіліс аппараты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.