Өмірбек Байгелді
Өмірбек Байгелді 1939 жылы 15 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Жамбыл облысының құрметті азаматы.
1974-1975 жылдары - Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1975-1984 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1995 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 1995-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенат төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына қайта сайланып 2011 жылға дейін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
«Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет», «Отан», ордендерімен, ТМД елдерінің «Содружество» орденімен, бес медальмен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталған.