Нұрлан Мұхтарұлы Арын

Нұрлан Мұхтарұлы Арын 1961 жылы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1984-1990 жылдары - Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері. 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. 2005 жылдан бастап «Privateclinic Almaty» көппрофильді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. Нұрлан Арынның басшылығымен медицина ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 3 ғылыми жұмыс жинағы жарық көрген. Балалар хирургиясы саласының 1 докторын, 8 кандидатын даярлаған. Сондай-ақ республикалық және шетелдік конференцияларда, симпозиумдарда, съездерде баяндамалар жасаған.
«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста