Нұрлан Мұқатайұлы Күлжан 1966 жылдың 16 қарашасында Баянауыл ауданында дүниеге келген. Семей зоотехника және ветеринария институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Алексеевка» кеңшарында бастаған. Баянауыл ауданы «Алексеевка» кеңшарында зоотехник, Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы, бөлім меңгерушісі, Баянауыл аудандық жер инспекциясының бас маманы, Павлодар облысы жерді пайдалану департаментінің Баянауыл бойынша бөлімнің бас маманы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы, Екібастұз қаласы әкімінің ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары, одан кейін Качир ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2014 жылдың қазан айында Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
Нұрлан Мұқатайұлы Күлжан
Последние статьи автора