Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов 1949 жылы 7 қаңтарда Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1971-1992 жылдары Химия-металлургия институтында инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі болды. 1992-1997 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің директоры, вице-министрі. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Химия технологиялық зерттеу орталығының директоры, «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры қызметтерін атқарған. Қазір «Парасат» холдингі басқармасының төрағасы.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қиын байытылатын полиметалл шикізатын кешенді өңдеудің күрделі химиялық байыту процестерін зерттеуге арналған. Ол тотыққан минералдардың сульфидті минералдарға түрленуінің физикалық-химиялық заңдылықтарын ашты. Оның негізінде ауыр түсті металдардың тотыққан кентасын флотациялық байытуға жаңа технологиялық тәсілдері ұсынылды. Бұл тәсілдер шикізат пен қоршаған ортаны кешенді пайдаланудың қазіргі заман талабына сәйкес келеді. Мемлекет қайраткері ретінде, саяси қозғалыстар мен партиялардың өзара пікір алмасуына, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын үйлестіруге елеулі ықпал етті.
Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов
Последние статьи автора