Мұхтар Шерім 1957 жылы 12 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген соң, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілшілік қызмет атқарды. Кейінірек республикалық «Ара – Шмель» журналының Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі болды. Қазір Шымкентте шығатын «Барыс» газетінің Бас редакторы. Алғашқы әзіл-сықақтары «Жалын» баспасынан жарық көрген «Жібек жел» ұжымдық кітабына енген. «Бюрократпен қоштасу» («Жалын», 1998), «Қисық шеге» («Жалын»), «Құдағи құшақтай береді» («Әл-Фараби», 1995) кітаптары жарық көрген.
Мұхтар Шерім
Последние статьи автора