Момынов Талғат Әшірұлы 1953 жылы 20 тамызда Шымкент қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1994 жылдары Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма бастығы. 1995-2008 жылдары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры болған. Ғалымның 200-ден асам ғылыми еңбегі, оның ішінде 10 монографиясы, 2 оқулығы, сонымен қатар орысша-қазақша ағылшын-қазақша медициналық сөздіктері бар.
«Құрмет» орденімен, Польша Медицина академиясының Альберт Швейцер атындағы «Гуманизм және медицина ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» Алтын медалімен марапатталған.
Момынов Талғат Әшірұлы
Последние статьи автора