Кенжеғали Кенжебайұлы Кенжебаев 1953 жылы 6 қаңтарда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Ақтөбе педагогикалық институтын бітіріп, осы институттың оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы болды. 1996 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 10 монография мен оқу құралының авторы. 5 ғылым кандидатының диссертация қорғауына жетекшілік жасаған. 1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік университетінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қазақтың ұлы лингвисі Қ.Жұбановтың есімін мәңгі есте қалдыруға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атағын алған. М.Остроградский атындағы Алтын медальмен марапатталған.
Кенжеғали Кенжебайұлы Кенжебаев
Последние статьи автора