Файзолла Мұртазаұлы Оразаев 1938 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі.
1958-1962 жылдары «Лениншіл жас» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеген. 1962-1966 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы. 1969-1970 жылдары - «Жұлдыз» журналы сын бөлімінің меңгерушісі. 1970-1979 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері. 1979-1995 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі. 1995 жылдан Алматы халықаралық журналистика институтының, 2000 жылдан Халықаралық мамандықтар университетінің ректоры. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының президенті қызметін атқарған. Ғалымның «Қазақ театрының тарихы» (І-ІІ том), «Стиль сыры», «Уақыт және қаламгер», «Жастық шақ театры», «Басты тұлға» кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында М.Горький, П.Қадыров, У.Хашимов, А.Станюковичтің шығармаларын аударған.
Файзолла Мұртазаұлы Оразаев
Последние статьи автора