Ерғали Қуандықұлы Егемберді 1977 жылы 23 қарашада Шымкент қаласында д.ниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Дипломатиялық академияны бітірген. Саясаттану ғылымының кандидаты.
1998-2000 жылдар аралығында – Астана қаласы Қаржы басқармасының заңгері. 2000-2001 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. 2001-2002 жылдар аралығында – «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы Бас дирекциясының мониторинг есебі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқармасы бастығының орынбасары. 2002-2003 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Заң және кадр жұмысы бөлімінің бастығы. 2003 жылы – «Афдан» ААҚ-ның қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті. 2004 жылы – Астана қаласы Тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Біржолғы талондар беру басқармасының бастығы. 2007-2008 жылдар аралығында – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2008-2009 жылдар аралығында – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі. 2009-2010 жылдар аралығында – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2010-2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 1395 қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары.
Ерғали Қуандықұлы Егемберді
Последние статьи автора