Дулат Көпбарұлы Әлиев 1948 жылы 5 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Алматы көркемсурет училищесінде, Республикалық көркемсурет колледжінде ұстаздық еткен. Суретші туындыларында адам, оның өмірі мен тағдыры, тіршілік-тынысы басты тақырып болды. Осы тақырыпта салынған әр алуан мазмұнға құрылған картиналары қатарында «Отырардың күйреуі», «Қысқы кеш», «Ана мен бала», «Отандастар», «Достар», т.б. туындыларын атауға болады.
Дулат Көпбарұлы Әлиев
Последние статьи автора