Болат Сандыбайұлы Қожиев 1958 жылы 22 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтын, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын тәмамдаған. 1983-1990 жылдары - Атырау қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1991 жылдары Атырау қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Атырау облыстық жастар ісі комитетінің төрағасы. 1994-1998 жылдары - Атырау облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы. 1998-2002 жылдары - Атырау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы. 2002 жылдан бастап Атырау аграрлық-техникалық колледжінің директоры. «Ауыл» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы. «Адам, уақыт, көзқарас» атты кітаптың авторы.
Болат Сандыбайұлы Қожиев
Последние статьи автора