Бекет Иманұлы Аймағамбетов 1960 жылы 27 тамызда Жезқазған облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін және «Болашақ» актуальды білім беру институтын тәмамдаған. ІІО-да 1987 жылдан бері қызмет атқарады. ҚР ІІМ-де жоғары жауапты қызмет атқарған.
Ішкі істер органындағы қызметін 1987 жылы Жезқазған облысы Балқаш ҚІІБ жедел уәкіл лауазымынан бастаған. 1997 жылдан бастап басшылық қызмет атқарады: ҚР ІІМ ҰҚҚКБ 5-Департаменті бастығының орынбасары, Астана қалалық Басты кеден басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ 9-Департаменті бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Аса қауіпті қылмыстармен күрес жөніндегі Үйлестіру орталығының Орталық аймақтық басқармасының бастығы, ҚР ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары. 2007 жылдың сәуір айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін ҚР Криминалды полиция комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет істеген. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
Ерен еңбегі үшін бірнеше мәрте ҚР ІІМ құқығымен марапатталған.
Бекет Иманұлы Аймағамбетов
Последние статьи автора