Бауыржан Ергенұлы Халиолла 1979 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.
«Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001 жыл), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал қаласы, 2005 жыл), «Жұлдыз жауған жарық түн» (2012 жыл, Орал) атты жыр жинақтары жарық көрді. Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Бауыржан Ергенұлы Халиолла
Последние статьи автора