Бақтияр Мәкенұлы Мәкен 1981 жылы 22 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін, 2009 жылы Монтана-Миссула университетін (АҚШ) («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жастар істері комитетінің мәдени ұйымдастырушысы болып бастап, 2006 жылға дейін осы жоғары оқу орнында жастар істері комитеті төрағасының орынбасары, жастар ұйымының төрағасы қызметтерін атқарады. 2003-2006 жылдары «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ тең төрағасы. 2004-2007 жылдары «Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар ұйымы төрағасының орынбасары. 2005-2007 жылдары «Жасыл ел» жастар-еңбек жасақтары Республикалық штабының менеджері. 2009-2010 жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ұйымдарымен және ЖОО-лармен жұмыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы. 2010-2012 жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы. 2012 жылдан Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы. 2013 жылғы 13 тамыздан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Бақтияр Мәкенұлы Мәкен
Последние статьи автора