Балтабек Мұқанұлы Қуандықов

Балтабек Мұқанұлы Қуандықов 1948 жылы 21 тамызда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Мақат ауданы Мақат кентінде дүниеге келген. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-геолог-мұнайшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Геология-минералогия ғылымдарының докторы. «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының, Америка геологтары мен мұнайшылары қауымдастығының корреспондент мүшесі, Халықаралық минералды ресурстар академиясының толық мүшесі (2006). 10 монография мен 80-нен астам ғылыми мақаланың авторы.
1971 жылдан- Биікжалдағы аса терең бұрғылайтын МБЭ инженер-геологы. 1975 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев облысы Ембі аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1977 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Гурьев обкомының хатшысы. 1979 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» геологиялық басқармасының (Гурьев қ.) аға геологы, бастықтың орынбасары. 1982 жылдан - «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестігінің геология бөлімінің бастығы, 1986 жылдан - бас геологы. 1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау бойынша мемкомитетінің басқарма (Алматы қ.) бастығы. 1992 жылдан - ҚР геология және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары. 1993 жылдан - ҚР энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары. 1993 жылдан - «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясының президенті (қоса атқарушы). 1997 жылдан - «Қазақойл» ЖАҚ вице-президенті (қоса атқарушы). 1997 жылдан - «Қазақойл» ЖАҚ президенті. 1998 жылдан - «Шеврон Оверсиз Петролеум» компаниясының (Калифорния, АҚШ) орталық кеңсесінде бас кеңес беруші. 2001 жылдан - «Нельсон Рисорсис Лимитед» компаниясының президенті. 2006 жылдан бері - «Меридиан Петролеум» компаниясының президенті.
«Құрмет» орденімен (1997) марапатталған. Қазақстанның өнеркәсібіне еңбегі сіңген қызметкер (1991). Қазақстандағы бірқатар мұнай-газ кен орындарын, оның ішінде Қарашығанақ, Кенбай, Имашев, Жаңажол, Әлібекмола, Арман кен орындарын ашуға қатысқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста