Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Туы Орденді Ауыл шаруашылығы институтын Экономист-ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша үздік тәмамдаған, Лениндік стипендиат. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі (2002 ж.), Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1996 ж.), Моңғолия ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1999 ж.).
1981-1983 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы ауыл шаруашылығы басқармасында экономист, Жамбыл облысы Талас ауданы «Майтөбе» кеңшарында бас экономист. 1984-1986 жылдары Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ күндізгі аспирантурасында оқыған. 1987 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғаған. 1986-1989 жылдары Қазақ қой шаруашылығы ҒЗТИ кіші, аға ғылыми қызметкері НИТИ. 1989-1993 жылдары Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ АҒҚ, бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары. 1993 жылы экономика ғылымының докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғаған, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Президиумының Бас ғылыми хатшысы болып тағайындалған. 1995 жылы «Шымкент» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1996 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты Өңірлік дамыту және өзін-басқару комитетінің хатшысы. 1996-2003 жылдары Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Бас директоры. 1996-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы зерттеулері ұйымы Президиумының мүшесі, Орталық Азия және Кавказ елдері ауыл шаруашылығы зерттеулері жүйесінің Президенті. 2003-2005 жылдары «Отан» Республикалық саяси партиясы Төрағасының Орынбасары, Саяси Кеңес Хатшысы. 2005-2007 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті түркі тілдес елдердің ықпалдастық байланыстарын зерттеу институтының директоры. 2007-2013 жылдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент директоры, Тәртіптік кеңес Төрағасы. 2014 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 8-1/240 бұйрығымен «КазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Төрағасы болып сайланған.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағымен (1999 ж.), «Құрмет» орденімен (2007 ж.), «Парасат» орденімен (2012 ж.), Ресей Федерациясының «Михайло Ломоносов» орденімен (2008 ж.) марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1988 ж.); «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994 ж.).
200-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Аграрлық ғылым саласында біліктілігі жоғары 39 ғылыми кадр даярлауға басшылық еткен, оның ішінде: 12 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты бар.
Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин
Последние статьи автора