Ахметжан Рахымжанұлы Күшенов 1966 жылы 24 тамызда дүниеге келген. 1989 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы, ал 2006 жылы Евразиялық гуманитарлық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын мамандығы бойынша Өсімдіктерді қорғау қазақ ғылыми-зерттеу институтында лаборант болып бастаған. Педагогика саласында еңбек етіп кафедраның аға мұғалімінен бастап ректорға дейін көтірілген. 2001 жылдан мемлекеттік қызметте. Білім және ғылым, қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық министерліктерінде, ҚР Премьер-Министр Кеңсесі және Парламент Мәжілісінде еңбек еткен. Екі жыл «Жетісу «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді.
2013 жылдың 30 желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Ахметжан Рахымжанұлы Күшенов
Последние статьи автора