Асхат Сәлімұлы Иманғалиев 1953 жылы 21 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтын, Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдаған. Педагогика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық «Еуразия» экономика академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, білім беру ісінің үздігі.
1985-1994 жылдары - Атырау педагогикалық институтының аға оқытушысы, деканның орынбасары, деканы, проректоры. 1994-2000 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болған. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры болған. Қазіргі уақытта аталмыш университет ректорының кеңесшісі. 2003 жылдан Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Бірнеше кітаптың авторы.
«Парасат» орденімен, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған.
Асхат Сәлімұлы Иманғалиев
Последние статьи автора