Алмас Ұзақұлы Тұртаев
Алмас Ұзақұлы Тұртаев 1979 жылы 17 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген.
1996-2001 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті механика-технологиялық факультетінде, 2003-2005 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті мұнай жане газ факультетінде оқыды. 2011 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті саясаттану факультетінің магистранты болды.
1998-2001 жылдары - «СЕТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазақ тіліндегі жаңалықтар редакторы, тележүргізуші; 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарындағы жауынгер; 2003-2012 жылдары - «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-да оператор, слесарь-механик, машинист, инженер-механик; 2010-2012 жылдары - «НефтьТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының кеңесшісі; 2010-2011 жылдары - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ Қызылорда облыстық филиалының директоры; 2011 жылғы тамыздан - «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы; 2012 жылғы қаңтардан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы фракциясының мүшесі, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
Қосымша мәлеметтер: 2008 жылғы мамыр-қараша аралығында - «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда қалалық бөлімшесінің хатшысы. 2010 жылғы қаңтар – 2011 жылы мамыр айларында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы саяси кеңесінің, саяси бюросының мүшесі. «Қызылорда» СПК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013 жылы), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011 жылы), «Атамекен» ІІ дәрежелі медалімен (2011 жылы) марапатталған.