Ағабек Қарабеков

 Ағабек Қарабеков 1950 жылы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданында дүниеге келген. Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері
1974-1978 жылдары - Целиноград (Ақмола) қалалық ауруханасының балалар хирург-ординаторы. 1978-1983 жылдары - Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасы жедел хирургия бөлімінің дәрігері. 1983-1992 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтының ассистенті, доценті. 1992-1997 жылдары - Педиатрия ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы) аға ғылыми қызметкері. 1984-2000 жылдары Қазақстан Республикасының бас балалар травматолог-ортопеді қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік (медицина) фармацевтика академиясының балалар хирургиясы, педиатрия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтикалық және медициналық факультеттің деканы болып келеді.
Негізгі ғылыми еңбектері балалар травматологиясы мен ортопедиясына арналған. Ол балаларда болатын туа біткен қисық мойынды, шұңқыр кеуде ауруын емдеудің тәсілдерін жетілдірді. Сондай-ақ кемтар-мүгедек балалар мен жасөспірімдердің мұқтаждықтарын жеңілдету жолдарын зерттеуде.
«Балалар травматологиясы мен ортопедиясының жаңа диагностикалық және емдеу технологиясы» ғылыми-зерттеу жұмысы авторларының бірі. 158 ғылыми еңбектің, 3 монографияның, 14 авторлық куәліктің (КСРО), 15 Қазақстан Республикасы патентінің авторы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста