Әділбек Қожабекұлы Ботабеков

 Әділбек Қожабекұлы Ботабеков 1959 жылы 18 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылы В.А. Кучеренко атындағы Құрылыс конструкциялары орталық ғылыми-зерттеу институтының (Москва қаласы) аспирантурасын бітірген.
11.1982-12.1985 жылдары – Алматы сәулет-құрылыс институтының оқытушысы; 01.1986-07.1988 жылдары – В.А. Кучеренко атындағы Құрылыс конструкциялары орталық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты. 08.1988-09.2008 жылдары – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының оқытушысы, доценті, профессоры, факультет деканы, проректоры, вице-президенті; 09.2008-02.2013 жылдары – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының президент-ректоры; 03.2013 жылдан бастап – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры.
1999 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда абитуриенттерді кешенді тестілеуді алғаш ендірген жылы ол жұмысқа белсенді қатысқаны үшін алғыс жариялаған. 2000 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігі тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму үрдісінде қол жеткізген табысы, сондай-ақ Қазақстанның әрі қарай гүлденуіне қосқан үлкен үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттаған. 2005 жылы – ҚР Индустрия және сауда министрлігі өндірістік қаракетте қол жеткізген жоғары нәтижелері, сондай-ақ отандық құрылыс саласын дамыту ісіндегі көп жылдық және жемісті еңбегі үшін алғыс жариялаған. 2005 жылы білім саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері» атағымен марапатталған. 2009 жылы ғылым саласындағы қол жеткізген табысы үшін «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы табысы үшін» төс белгісімен марапатталған. 2009 жылы Халықаралық көлік академиясының академигі болып сайланған. 2011 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға және оны өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті алғыс жариялаған. 2011 жылы ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 10 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальімен марапатталған. 2011 жылы ғылым мен білімді дамытудағы қол жеткізген табысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста